Дәурен Абаев ТМД сарапшыларының кеңесін өткізді

© Photo : Пресс-служба Исполкома СНГ Дәурен Абаев
Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
ТМД Бас хатшысының жаңадан тағайындалған орынбасары Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралардың мемлекетаралық бағдарламасының жобасын бекіту жөніндегі сараптама тобының отырысы өтті
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар бағдарлама жобасын ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында қарауға шығаруға келісті, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Дәурен Абаевтың айтуынша, Мемлекетаралық бағдарлама жобасы ТМД мемлекеттері мен органдарының қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығын жақсартуға бағытталған.
Құжатта трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту тетіктері, ТМД елдерінің модельдік заңнамасын жетілдіру мәселелері қарастырылған.
"Жобада келісілген ведомствоаралық, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу, бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу тәжірибесін жалғастыру, қылмысқа қарсы күрес саласында белсенді ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген", - деді Дәурен Абаев.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ішкі істер министрлері кеңесі мен ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағында ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың басқа да қауіпті түрлерімен күресті үйлестіру бюросының, Достастық атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Кеңеске қатысушылар құжатты пысықтап, сараптамалық деңгейде оны бекіту рәсімін аяқтады.
Жаңалықтар
0