https://sputnik.kz/20230315/audandyq-sottyn-toragasy-qyzygatynday-bedeldi-lauazym-emes--zhogargy-sot-okili-32936437.html
Аудандық соттың төрағасы қызығатындай беделді лауазым емес – Жоғарғы сот өкілі
Аудандық соттың төрағасы қызығатындай беделді лауазым емес – Жоғарғы сот өкілі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау ұсынылды. Мұндай норма... 15.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-15T10:26+0500
2023-03-15T10:26+0500
2023-03-15T10:27+0500
сот
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау ұсынылды. Мұндай норма "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасында көзделген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасы сенаттың жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, аудандық соттардың төрағасын сайлау элементін енгізу ұсынылып отыр. Бұл мәселені заңгерлер, кәсіпкерлер мен судьялар көптен бері көтеріп келеді.Судья қауымдастығы кандидатты өзі ұсына алады. Ал судьялар беделді әріптестерінен өз-өзін ұсынуды сұрайды.Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов аудандық сот төрағасы лауазымына неге кандидаттар жоқ екенін айтты."Бүгінгі таңда аудандық сот төрағасының лауазымы соншама бір қызығатындай беделді лауазым емес. Оны ашық айту керек. Жұмыс көп, жуапкершілік көп. Жүзеге асыратын шаруалар, міндеттер де көп. Қазіргі кезде республика деңгейінде 390 аудандық және оған теңестірілген соттар болса, оның ішінде 40 сот төрағасыз қызмет атқаруда. Яғни бәрі бос орын", - дейді ол.Ол Павлодар облысының экономикалық сотын мысалға келтірді. Айтуынша, 2 жыл 9 ай бойы сот төрағасыз жұмыс істеп жатыр. Арқалықта да, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданында сондай жағдай.Егер лайық кандидатура табылмаса, Жоғарғы сот кеңесі сол орынға қайтадан конкурс жариялайды.Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, сенат Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады.Парламент сенаты аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау ұсынылды. Мұндай норма "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасында көзделген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасы сенаттың жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, аудандық соттардың төрағасын сайлау элементін енгізу ұсынылып отыр. Бұл мәселені заңгерлер, кәсіпкерлер мен судьялар көптен бері көтеріп келеді.
"Бұл жерде тек шалғайдағы және аз құрамдағы соттар жайлы сөз қозғалып отырған жоқ. Біздің елорда мен облыс орталықтарында 15 сот төрағасыз жұмыс істеп жатыр. Сайлау тетігін енгізу бұл жағдайды өзгертеді деп сенеміз", - деді Лукин.
Судья қауымдастығы кандидатты өзі ұсына алады. Ал судьялар беделді әріптестерінен өз-өзін ұсынуды сұрайды.
Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов аудандық сот төрағасы лауазымына неге кандидаттар жоқ екенін айтты.
"Бүгінгі таңда аудандық сот төрағасының лауазымы соншама бір қызығатындай беделді лауазым емес. Оны ашық айту керек. Жұмыс көп, жуапкершілік көп. Жүзеге асыратын шаруалар, міндеттер де көп. Қазіргі кезде республика деңгейінде 390 аудандық және оған теңестірілген соттар болса, оның ішінде 40 сот төрағасыз қызмет атқаруда. Яғни бәрі бос орын", - дейді ол.
Ол Павлодар облысының экономикалық сотын мысалға келтірді. Айтуынша, 2 жыл 9 ай бойы сот төрағасыз жұмыс істеп жатыр. Арқалықта да, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданында сондай жағдай.
"Сондықтан аудандық соттың төрағасын сайлау тетігін енгізсек, бұл ахуалға оң ықпалын тигізеді деп есептейміз. Өйткен судья қауымдастығы беделді судьяларды лауазымға ұсынуға өтініш білдіреді. Сонымен қатар Жоғарғы сот кеңесі кадр резервінде тұрған тұлғалардың тізімін жібереді. Кандидатуралардың барлығын бүкіл облыстың судьялары пленаралық отырыста қатысып, жасырын дауыспен сайлайды", - деп түсіндірді Шәріпов.
Егер лайық кандидатура табылмаса, Жоғарғы сот кеңесі сол орынға қайтадан конкурс жариялайды.
Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, сенат Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады.
Парламент сенаты аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.