АҚШ-тағы рецессия әлемге қауіп төндіріп тұр

© Sputnik / Медиабанкке өтуакции бизнес брокер биржа торги
акции бизнес брокер биржа торги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
13 наурыз батыс биржалары үшін "қара" дүйсенбі болды. Алдымен америкалық акциялар құлдырады. Одан кейін еуропалық биржа да осы жағдайға тап болды. Бұған демалыс күндері америкалық екі ірі банктің банкротқа ұшырауы әсер етті, деп жазды РИА Новости.
Джо Байденнің мәлімдемесі отқа май құйғандай болды. АҚШ президенті дүйсенбі күні биржадағы сауда-саттық ашылғанша америкалықтарға үндеу жодап, олардың қаражаты сенімді қолда екеніне және салымдарына ештеңе болмайтынына сендірді. Бірақ журналистердің "бұл дағдарыс әрі қарай таралып кетпеуіне кепілдік бере аласыз ба" деген сұрағына жауап беруден жалтарды.
Америкалықтар "өз ақшаңызға алаң болмаңыздар" деген мәлімдеме әдетте қандай да бір қауіп төнгенде жасалатынын жақсы біледі. Байден сөзінен кейін дүйсенбі күні биржа құлдырап, банк акцияларының сатылымын тоқтатуға тура келді.
АҚШ жүйе құрушы қаржы институттарының нарықтан кетуі емес, олардың соншалық ұзақ уақыт дағдарысқа төтеп беруі таңғаларлық болып тұр. Мысалы, First Republic ірі банкі бір күн ішінде 61,8 процентке арзандады.
Жазда атақты инвестор, 2007-2008 жылдардағы дағдарысты болжап қана қоймай, одан табыс көре алған жалғыз адам Майкл Бьюрри экономикада үлкен дағдарыс қаупі бар екенін айтып, өзінің барлық дерлік акциясын сатып жіберді.
Өткен жылы білікті сарапшылар ауқымды рецессияны болжады. Бұл әдетте акциялар бірнеше сағат ішінде еселеп құнсызданатын осындай жағдайдан басталады.
"Енді олар америкалық және еуропалық басқа да ірі банктер жабылады деп болжады. Сонымен қатар кредиттеріне қызмет көрсете алмайтын көптеген IT-стартаптарды да күйреу күтіп тұр. Яғни бұл ғасыр басындағы "дотком дағдарысы" сияқты жағдай болады. Ондаған миллион америкалық салымдары мен зейнетақы жинақтарынан айырылады. Дональд Трамп америкалықтарды жаңа Ұлы депрессия туралы ескертті", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, тіпті бүгін немесе ертең АҚШ билігі биржа нарығының құлдырау салдарын қандай да бір жолмен жеңілдетсе де, бұл толыққанды дағдарысты аз уақытқа ғана шегереді.
2020 жылдан бастап экономикаға триллиондаған доллар құйылды, ал бизнес пен жеке тұлғалар ол қаражатты кез келген салаға инвестициялауға тырысып жатыр. Сондықтан экономикада бос саңылаулар пайда болып жатыр. Сонымен қатар Федералды резерв жүйесі мөлшерлемені көтеріп, бұл бұрын алған кредиттері бойынша төлем жасай алмайтын компаниялардың банкротқа ұшырауына әкеледі. Жалпы 2005-2007 жылдардағы жағдай да осыған өте ұқсас сценарий бойынша өрбіді.
Осыған дейінгі дағдарыстан сабақ алған инвесторлар өз салымдарын сақтап қалуға тырысып жатыр. Silicon Valley банкінің банкротқа ұшырауына не себеп болды? Банктің клиенттері негізінен Силикон алқабының кәсіпкерлері болғандықтан, олар бір-бірін жақсы біледі және әркез ұқсас шешімдер қабылдайды. Silicon Valley Bank қарыздары жиналып қалғаны белгілі болған соң, сәрсенбі күні салымшылар өз шоттарындағы ақшаны шығарып алды. Жұма күні банк бұл жағдайға тойтарыс бере алмай жабылып қалды.
Бүгінде салымшылар бүкіл ел аумағында банк шоттарынан ақшасын алып жатыр. Әсіресе орта деңгейлі банктер зардап шегуде. Аймақтық PacWest банкінің басшылығы өткен аптаның соңында ғана салымшылар 700 миллион долларды шоттарынан шешкенін айтты.
Мақала авторы әлемнің бірінші экономикасы бүгінде қарызға батқан деп жазды. Қазір 31 триллион доллардан астам АҚШ-тың мемлекеттік қарызы соңғы 20 жылда алты есе өсті. Шамамен 17 триллион доллар америкалық үй шаруашылығының берешегі. Триллионға жуық доллар – кредит карталары бойынша азаматтардың қарыздары. Бұл сандар доллардың құнсызданғанын білдіреді. Дүйсенбіде оның әлемдік валюталарға қатысты айтарлықтай төмендегені тектен-тек емес.
Әлемдік экономиканың долларға тәуелділіктен құтылуға бет бұруы, америкалық валютаның әлем экономикасынан біртіндеп шеттетілуі бұл жағдайды одан бетер ушықтырып тұр.
АҚШ-тағы жаңа Ұлы дағдарыс планетаның барлық аумағында сезіледі. Ол ең алдымен Еуропа экономикасын тұңғиыққа тартады. Ауқымды рецессия мұнай бағасының төмендеуіне әкеледі, бұл ресурс саудасымен айналысатын елдерге әсер етеді. АҚШ-тағы инфляция салдарынан адамдар бүкіл әлемде бағаның өсуіне тап болады. Сондықтан мемлекеттер қазірден бастап долларға тәуелділікті бәсеңдету, импортты алмастыру, балама экономикалық одақтар құру сынды іс-шараларға басымдық беруі керек.
Жаңалықтар
0