Алматы облысында жасөспірімдер соққыға жыққан адамның жағдайы ауыр – дәрігер

© AP Photo / Luca BrunoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматы облысында жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан ер адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дәрігерлер сырқаттың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
"Науқастың динамикалық жағдайы тұрақты, ал жалпы жағдайы әлі де ауыр. Ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 7 наурызда түнгі сағат 02:00 кезінде 15, 16, 17 жастағы үш жасөспірім жасы елуге таяған ер адамды көшеде аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленуші бір сағаттан соң Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Соққыға жығылған азамат Таутүрген ауылының тұрғыны.
Жасөспірімдер жәбірленушіні соққыға жыққан соң сол жерде қалдырып кеткен. Қимылсыз жатқан адамды жолай өтіп бара жатқандар көріп, жедел жәрдем шақыртқан.
"Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салған 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмаған күдікті ұсталды. Олар ер адамға дене жарақатын салғандарын мойындады", - деп мәлімдеді ведомство.
Күдіктілерге "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Алматы облысында ер адамды жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан
Жаңалықтар
0