https://sputnik.kz/20230314/toqaev-qazaqstan-khalqyn-amal-merekesimen-quttyqtady-32894882.html
Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады. 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T09:06+0500
2023-03-14T09:06+0500
2023-03-14T09:08+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/963/85/9638504_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_90c8553eae6e83c69b5a8ab962dbce12.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады.Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады.Бүгін қазақстандықтар Көрісу күнін атап өтіп жатыр. Мереке Қазақстанның батыс өңірінен бастау алады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп жаңа жылдың басталуымен құттықтайды. Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/963/85/9638504_24:0:1464:1080_1920x0_80_0_0_601321a3248353edb862adaf2610d46b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
09:06 14.03.2023 (жаңартылды: 09:08 14.03.2023) АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады.
"Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!", – деп жазылған президенттің Twitter парақшасында.
Бүгін қазақстандықтар Көрісу күнін атап өтіп жатыр. Мереке Қазақстанның батыс өңірінен бастау алады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Көрісу күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын!", "Бір жас қосуыңмен!" деп жаңа жылдың басталуымен құттықтайды.
Мереке күні адамдар ерте оянып, туған-туысы мен достарын аралап, қол алысып, құшақтасады.