Қытайдан интернет тапсырыстарды жеткізетін пойыз іске қосылды

© Photo : Пресс-служба КТЖКонтейнерный поезд
Контейнерный поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. "Қазақстан темір жолының" еншілес компаниясы KTZ Express Қытайдан интернет арқылы сатып алынған тауарларды жедел жеткізуді ұйымдастырады.
Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашанькоу - Достық шекаралық өткелі арқылы Ресейге, сосын Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады.
Тауарды жеткізуді ұйымдастыратын KTZ Express пен "Astana Logistics" ЖШС серіктес, деп хабарлайды ҚТЖ. Жүк межелі станцияға 7-10 күнде жеткізіледі. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайған жағдайда шаттл-пойыздарды жөнелту жиілігі ұлғаяды.
Жаңалықтар
0