https://sputnik.kz/20230314/qutqarushylarga-zhumystagy-qauip-qater-ushin-qosymsha-aqy-tolenedi-32891268.html
Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет... 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T07:22+0500
2023-03-14T07:22+0500
2023-03-14T07:22+0500
құтқарушылар
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/16/17407269_0:54:1025:630_1920x0_80_0_0_c3165a4d9cc3e0cfaa563da536ab1739.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және "Қазселденқорғау" ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді.Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/16/17407269_56:0:967:683_1920x0_80_0_0_ba126cfc1516cd2e979ae50025f8d1f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар, жалақы
Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.
"Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және "Қазселденқорғау" ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.