https://sputnik.kz/20230314/qostanayda-salmagy-7-kelige-zhuyq-sabi-duniege-keldi-32884820.html
Қостанайда салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді
Қостанайда салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қостанай облыстық ауруханасында салмағы 6,7 кг болатын Айару есімді алып қыз дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық... 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T10:05+0500
2023-03-14T10:05+0500
2023-03-14T10:05+0500
қостанай
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0d/32884627_0:56:2767:1612_1920x0_80_0_0_3ffc7956c54ae978553dd65a9bd9bf21.jpg
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қостанай облыстық ауруханасында салмағы 6,7 кг болатын Айару есімді алып қыз дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.Нәрестенің бойының ұзындығы – 69 см."Дәрігерлер салмағы нормадан асатын сәбилерді "алып нәресте" деп атайды. Акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 кг болатын нәресте алып болып саналады. 6 кг немесе одан да көп салмақпен туу– бұл өте сирек кездеседі", - дейді перинаталдық орталықтың мамандары.Дәрігерлердің айтуынша, мұндай алып бала бірінші рет дүниеге келіп отыр. Анасына қант диабеті диагнозы қойылған. Жүктілік кезеңі ауыр өткен ананы дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырған. Жаңа туған нәресте екі күн жансақтау бөлімінде болған. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.Ана мен баланың денсаулығы жақсы. Нәрестенің есімі – Айару, ол отбасындағы үшінші бала.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0d/32884627_272:0:2495:1667_1920x0_80_0_0_ef56540577fe4395d5dcd01006098836.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай
Қостанайда салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қостанай облыстық ауруханасында салмағы 6,7 кг болатын Айару есімді алып қыз дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
Нәрестенің бойының ұзындығы – 69 см.
"Дәрігерлер салмағы нормадан асатын сәбилерді "алып нәресте" деп атайды. Акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 кг болатын нәресте алып болып саналады. 6 кг немесе одан да көп салмақпен туу– бұл өте сирек кездеседі", - дейді перинаталдық орталықтың мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай алып бала бірінші рет дүниеге келіп отыр. Анасына қант диабеті диагнозы қойылған. Жүктілік кезеңі ауыр өткен ананы дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырған. Жаңа туған нәресте екі күн жансақтау бөлімінде болған. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Ана мен баланың денсаулығы жақсы. Нәрестенің есімі – Айару, ол отбасындағы үшінші бала.