Видео

Қолтырауын өзенде жүзіп бара жатқан бөкенді қуып жетті: оқиға немен аяқталды – видео

Жазылу
Аш қолтырауын өзеннен жүзіп өтіп бара жатқан бөкенді қуып жетті. Бұл көріністі сырттай бақылап тұрған адам оның тағдыры шешілді деп ойлайтыны анық. Бірақ олай болмады!
Бөкен Ботсванадағы қолтырауын жайлаған Чобе өзенін жүзіп өтті. Жарты жолда оны аш қолтырауын қуып жетті. Бірақ бөкеннің жанкештілігі бұл жағдайды катерде тамашалап тұрған куәгерлерді таңғалдырды.
"Біз Ботсванадағы Чобе өзенінде жүзіп келе жатыр едік. Жолбасшымыз кенет өзенді жүзіп өтіп бара жатқан бөкенді көрсетті. Судан қолтырауын шыға келіп, бөкенге жақындай бастағанға дейін қауіпті ештеңе байқамадық. Барлығымыз демімізді ішке тартып тұрып қалдық. Осы кезде қауіпті сезген бөкен одан да жылдам жүзе бастады. Оны жеуге бел буған қолтырауын да жылдамдығын арттырды. Бұл жағдай біз үшін таңғаларлық көрініс болды ", - дейді жабайы табиғаттағы осы әсерлі оқиғаның куәгері.
"Бір кезде қолтырауын бөкенді қуып жетіп, жемтігіне бас салды. Бірақ бірнеше сантиметрге жетпей қалды. Сол сәтте бөкен бар күшімен жүзіп, жағаға жүгіріп шықты. Екеуінің ширақтығы мен табандылығына бәріміз таңғалдық. Бірақ бұл жолы қолтырауынның емес, бөкеннің жолы болды", - деп атап өтті видео авторы.
Чобе өзені Ботсванадағы Чобе ұлттық табиғи саябағында орналасқан. Оның аумағы 10 мың шаршы шақырымнан асады. Парк Африка құрылығындағы, қала берді бүкіл әлемдегі жабайы жануарлар ең көп шоғырланған орын болып саналады.
Жаңалықтар
0