https://sputnik.kz/20230314/qazaqstandyqtardy-esirtki-taueldiligine-tekseru-usynyldy-32903951.html
Қазақстандықтарды есірткі тәуелділігіне тексеру ұсынылды
Қазақстандықтарды есірткі тәуелділігіне тексеру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, азаматтар мемлекеттік қызметке тұрғанда, әскерге шақырылғанда және жүргізуші куәлігін алғанда скринингтен өтуі мүмкін 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T12:13+0500
2023-03-14T12:13+0500
2023-03-14T12:13+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/old/932/57/9325702_0:13:1321:756_1920x0_80_0_0_1c30fdb88684c3f8a4e0350e3c521b03.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанда нашақорлықпен күресу үшін азаматтарды есірткі тәуелділігіне тексеру ұсынылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, қазіргі уақытта есірткі қолдану фактілері тіпті оқушылар арасында анықталып жатыр.Кулуарда журналистер министрден скрининг жүйесі қалай жұмыс істейтінін сұрады."Біз "профосмотр" кезінде биоматериал скринингін өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз оны қолдаймыз. Жоғары оқу орындарына, мемлекеттік қызметке қабылданғанда, әскерге шақырғанда, жүргізуші куәлігін алғанда биоматериалдар зерттеледі", - деді Ахметжанов.Айтуынша, бүгінде синтетикалық есірткі кең таралған және қолжетімді. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Интернетпен де жеткізіп беретіндер көп."Ғылыми сараптама есірткіге тәуелділік ерте анықталса, 95%-і қалыпты өмірге орала алатынын көрсетті. Ал егер үшінші кезеңде анықталса, нашақорлардың тек 15%-і ғана есірткіден бас тартады", - дейді ІІМ басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/932/57/9325702_149:0:1173:768_1920x0_80_0_0_8d1531047c07d2f6829d500034ad1ec3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Қазақстандықтарды есірткі тәуелділігіне тексеру ұсынылды
Министрдің айтуынша, азаматтар мемлекеттік қызметке тұрғанда, әскерге шақырылғанда және жүргізуші куәлігін алғанда скринингтен өтуі мүмкін
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанда нашақорлықпен күресу үшін азаматтарды есірткі тәуелділігіне тексеру ұсынылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта есірткі қолдану фактілері тіпті оқушылар арасында анықталып жатыр.
"Сондықтан болашақта скрининг өткізу жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – қоғамның нашақорлық деңгейін объективті түрде бағалауға және есірткіге тәуелді адамды, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді", - деді Ахметжанов үкімет отырысында.
Кулуарда журналистер министрден скрининг жүйесі қалай жұмыс істейтінін сұрады.
"Біз "профосмотр" кезінде биоматериал скринингін өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз оны қолдаймыз. Жоғары оқу орындарына, мемлекеттік қызметке қабылданғанда, әскерге шақырғанда, жүргізуші куәлігін алғанда биоматериалдар зерттеледі", - деді Ахметжанов.
Айтуынша, бүгінде синтетикалық есірткі кең таралған және қолжетімді. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Интернетпен де жеткізіп беретіндер көп.
"Ғылыми сараптама есірткіге тәуелділік ерте анықталса, 95%-і қалыпты өмірге орала алатынын көрсетті. Ал егер үшінші кезеңде анықталса, нашақорлардың тек 15%-і ғана есірткіден бас тартады", - дейді ІІМ басшысы.