Қазақстандағы ең ауыр қошқар рекордтар кітабына енді

© Photo : С личной страницы Куаныша МыктыбаеваҚазақстандағы ең ауыр қошқар рекордтар кітабына енді
Қазақстандағы ең ауыр қошқар рекордтар кітабына енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. 230 келі тартатын қошқар Қазақстанда ең ауыр қой деп танылды, деп хабарлады мал иесі, Түркістан облысының фермері Қуаныш Мықтыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуаныш Мықтыбаевқа қошқардың салмағы 230 келі екенін растайтын сертификат табыс етті.
Миллион деген лақап атты иеленген қошқардың бойы 1,05 метрге жеткен.
Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын фермер Қуаныш Мықтыбаев осыдан екі жыл бұрын шымкенттік шаруа Рүстем Тұрғыновтан 40 мың долларға, сол кездегі бағам бойынша 18 миллион теңгеге жуық қаржыға Каштан атты қошқар сатып алған.
Жаңалықтар
0