https://sputnik.kz/20230314/prezident-qonaev-qalasyn-damytu-zhoninde-tapsyrma-berdi-32927766.html
Президент Қонаев қаласын дамыту жөнінде тапсырма берді
Президент Қонаев қаласын дамыту жөнінде тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T18:46+0500
2023-03-14T18:46+0500
2023-08-09T17:06+0500
қасым-жомарт тоқаев
дінмұхамед қонаев
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32927489_125:0:1156:580_1920x0_80_0_0_0331cc0bec7de87ecd6309abab4be9c8.jpg
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Президентке өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық саласы дамып келеді. Облыста 37,2 мың жұмыс орны ашылған, оның 26,3 мыңы – тұрақты жұмыс. Сондай-ақ өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттар салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет берілді. Президентке облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысы туралы да баяндалды. Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды және облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32927489_254:0:1027:580_1920x0_80_0_0_92183da321f9bdbe65647c5a95fa8eb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, дінмұхамед қонаев
қасым-жомарт тоқаев, дінмұхамед қонаев
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады.
Президентке өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық саласы дамып келеді. Облыста 37,2 мың жұмыс орны ашылған, оның 26,3 мыңы – тұрақты жұмыс. Сондай-ақ өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттар салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет берілді.
Президентке облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысы туралы да баяндалды. Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды және облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.