https://sputnik.kz/20230314/konstruktor-kolikterdi-zandastyryp-beremiz--akhmetzhanov--32901740.html
"Конструктор" көліктерді заңдастырып береміз – Ахметжанов
"Конструктор" көліктерді заңдастырып береміз – Ахметжанов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Елімізге бөлшектеліп әкелінген және құрастырылған автокөліктер заңдастырылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов... 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T10:51+0500
2023-03-14T10:51+0500
2023-03-14T10:51+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/308/00/3080076_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_6b24195df81189b32c43086cea13e2e5.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Елімізге бөлшектеліп әкелінген және құрастырылған автокөліктер заңдастырылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Біз "конструктор" көліктерді заңдастырамыз. Рөлі оң жақта орналасқан көліктер бойынша, өздеріңіз білесіздер, 2014 жылы жол ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Ол жерде Қазақстанда ондай автокөліктерді жүргізуге тыйым салынған. Бірақ президенттің тапсырмасы болған соң, оны заңдастырып береміз. Бірақ кейін басқа біреуге сатуға тыйым салынады", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.Оның айтуынша, "конструктор" көліктерді заңдастыру бойынша ведомствоға 1,5 мың өтініш түскен."Олар техникалық сертификаттаудан өтеді. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз", - деді министр.Айта кетері, Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан азаматтары елге әкелген шетелдік жеңіл көліктерді, шағын және орта көлемді автобустарды, шағын жүк көліктерін, басқару жабдықтары оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыра алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/308/00/3080076_99:0:1539:1080_1920x0_80_0_0_891a52e84b790981cd8919a3f90472fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
"Конструктор" көліктерді заңдастырып береміз – Ахметжанов
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Елімізге бөлшектеліп әкелінген және құрастырылған автокөліктер заңдастырылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз "конструктор" көліктерді заңдастырамыз. Рөлі оң жақта орналасқан көліктер бойынша, өздеріңіз білесіздер, 2014 жылы жол ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Ол жерде Қазақстанда ондай автокөліктерді жүргізуге тыйым салынған. Бірақ президенттің тапсырмасы болған соң, оны заңдастырып береміз. Бірақ кейін басқа біреуге сатуға тыйым салынады", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, "конструктор" көліктерді заңдастыру бойынша ведомствоға 1,5 мың өтініш түскен.
"Олар техникалық сертификаттаудан өтеді. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз", - деді министр.
Айта кетері, Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан азаматтары елге әкелген шетелдік жеңіл көліктерді, шағын және орта көлемді автобустарды, шағын жүк көліктерін, басқару жабдықтары оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыра алады.