Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі өтеді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Enbek.kz порталында 29 наурыз күні бос орындар жәрмеңкесі өтеді, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
29 наурызда Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесін өтеді.
Жәрмеңкеге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс берушілерң: ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, "KAZ Minerals" ЖШС, "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС, "АК АЛТЫНАЛМАС" АҚ және басқалары бар.
"Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады", - дейді ведомство.
Жәрмеңкеге қатысу үшін Enbek.Tanda порталында арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады және оларға жауап бере алады.
Жаңалықтар
0