Холи тек Үндістанда ғана емес, Шри-Ланкада, Непалда, Бангладеште де ең сүйікті мерекелердің бірі. Ол сондай-ақ үлкен үнді диаспорасы бар Оңтүстік Африка, Тринидад, Ұлыбритания, АҚШ, Суринам, Гайана, Маврикий және Фиджи сынды елдерде танымал. Холидің мейрамы кезінде зұлымдықты жеңуді білдіретін тұлыпты өртеп, оттың үстінен секіреді. Бұл мерекелік дәстүрлер славяндардың Масленицасына ұқсас және басқа халықтардың мерекелерінде осы тектес салт-жоралғы кездесіп жатады. Холи кезіндегі көңілді дәстүрлерінің бірі – адамдар бір-біріне бақыт пен бар жақсылықты тілеп, көктемнің ең жарқын реңктерін сипаттайтын түрлі-түсті ұнтақ бояуларды бір-біріне шашады. Көктем мерекесінің қалай тойланғанын суреттер топтамасынан көріңіздер!
Үндістанда көктемнің келуі жарқын және көңілді Холи мерекесімен аталып өтеді
Холи тек Үндістанда ғана емес, Шри-Ланкада, Непалда, Бангладеште де ең сүйікті мерекелердің бірі. Ол сондай-ақ үлкен үнді диаспорасы бар Оңтүстік Африка, Тринидад, Ұлыбритания, АҚШ, Суринам, Гайана, Маврикий және Фиджи сынды елдерде танымал.
Холидің мейрамы кезінде зұлымдықты жеңуді білдіретін тұлыпты өртеп, оттың үстінен секіреді. Бұл мерекелік дәстүрлер славяндардың Масленицасына ұқсас және басқа халықтардың мерекелерінде осы тектес салт-жоралғы кездесіп жатады.
Холи кезіндегі көңілді дәстүрлерінің бірі – адамдар бір-біріне бақыт пен бар жақсылықты тілеп, көктемнің ең жарқын реңктерін сипаттайтын түрлі-түсті ұнтақ бояуларды бір-біріне шашады. Көктем мерекесінің қалай тойланғанын суреттер топтамасынан көріңіздер!
Осы кезеңде ауылдарда Кіші Холи секілді шағын мерекелер өткізіледі. Оның барысында рәсім-жоралғы ойындары, мерекелік концерттер өтеді, мерекелік отқа арналған құрғақ ағаштар жиналады.
Осы кезеңде ауылдарда Кіші Холи секілді шағын мерекелер өткізіледі. Оның барысында рәсім-жоралғы ойындары, мерекелік концерттер өтеді, мерекелік отқа арналған құрғақ ағаштар жиналады.
Холи бүкіл Үндістанда танымал болғанымен, бұл мерекені әр аймақта әртүрлі атап өтеді. Мысалы, елдің орталық бөлігінде үйлер мен ғимараттардың шатырына шағын шамдар орнатылып, оттың белгісі ретінде қызғылт сары түсті жалаулар ілінеді. Себебі "холи" сөзі "жану" дегенді білдіреді.

Үндістандағы Холи мерекесі түрлі жастағы және түрлі дін ұстанатын адамдарды біріктіреді. Оған индуизмді ұстанушылар ғана емес, сикхтер, джайндар, басқа да дін өкілдері қатысады.
Үндістандағы Холи мерекесі түрлі жастағы және түрлі дін ұстанатын адамдарды біріктіреді. Оған индуизмді ұстанушылар ғана емес, сикхтер, джайндар, басқа да дін өкілдері қатысады.