https://sputnik.kz/20230313/rudnyyda-ayel-men-balany-ortegen-er-adam-qylmystyq-zhauapkershilikten-bosatyldy-32860842.html
Рудныйда әйел мен баланы өртеген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Рудныйда әйел мен баланы өртеген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 наурыз - Sputnik. Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға былтыр 16 наурызда болған. Рудныйда 44 жастағы Миллер Геннадий көршісіне керосин құйып... 13.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-13T10:09+0500
2023-03-13T10:09+0500
2023-03-13T10:09+0500
рудный
қылмыс
https://sputnik.kz/img/441/64/4416485_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f7c974397fdca4a3ad906f1d8f09ad42.jpg
АЛМАТЫ, 13 наурыз - Sputnik. Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға былтыр 16 наурызда болған. Рудныйда 44 жастағы Миллер Геннадий көршісіне керосин құйып, өртеп жіберген. Қылмыс жанжалдан туындаған. Өртенген әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Салдарынан бүлдіршіннің денесінің 40% - дан астамы күйсе, ал анасының қолдары күйген, деп хабарлайды "ТоболИнфо" ақпарат агенттігі. Қылмыстық іске бір жылдан соң нүкте қойылды. Қостанай облыстық соты Геннадий Миллердің психологиялық ауытқуы бар деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ол арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Моральдық шығынды Геннадий Миллердің жұбайы төлейді. Ал зардап шеккен 4 жасар бала жансақтау бөлімінде 20 күн жатып, 10 рет тері пластикасы бойынша ота жасалған.
рудный
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/441/64/4416485_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5dbca9767ac36da442464628b68d4ad5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рудный, қылмыс
Рудныйда әйел мен баланы өртеген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
АЛМАТЫ, 13 наурыз - Sputnik. Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға былтыр 16 наурызда болған. Рудныйда 44 жастағы Миллер Геннадий көршісіне керосин құйып, өртеп жіберген.
Қылмыс жанжалдан туындаған. Өртенген әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Салдарынан бүлдіршіннің денесінің 40% - дан астамы күйсе, ал анасының қолдары күйген, деп хабарлайды
"ТоболИнфо" ақпарат агенттігі. Қылмыстық іске бір жылдан соң нүкте қойылды.
Қостанай облыстық соты Геннадий Миллердің психологиялық ауытқуы бар деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ол арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.
"Сотталушыға қатысты бес медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде созылмалы психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайтыны белгілі болды. Миллер арнайы есепте тұрған. Жәбірленушінің моральдық залалды өтеуге 2,5 млн теңге көлемінде азаматтық талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді судья Алтынай Сағындықова.
Моральдық шығынды Геннадий Миллердің жұбайы төлейді. Ал зардап шеккен 4 жасар бала жансақтау бөлімінде 20 күн жатып, 10 рет тері пластикасы бойынша ота жасалған.