https://sputnik.kz/20230313/qaru-dollar-uqk-arnayy-operatsiya-32862015.html
Қару мен жалған доллар жеткізген: ҰҚК арнайы операция жүргізді
Қару мен жалған доллар жеткізген: ҰҚК арнайы операция жүргізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қару-жарақ пен жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге... 13.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-13T11:06+0500
2023-03-13T11:06+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
арнайы операция
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/273/98/2739851_0:342:1100:961_1920x0_80_0_0_2ccc9557f02c879db2e0f997b66b0808.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қару-жарақ пен жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізді.Қылмыстық қару мен жалған доллар сатудың жасырын арнасын жолға қойған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы ұсталды.ҰҚК арнайы операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталып, құжаттандырылды.Қаскөй жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын пайдаланған. Осыған байланысты оның қылмысын әшкерелеу біраз қиындық тудырды.Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: "Калашников" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары тәркіленді.Ұсталған адам қылмысын мойындады. Ол ҚПК 128-бабы негізінде сот санкциясымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды.Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/273/98/2739851_0:239:1100:1064_1920x0_80_0_0_855b46a9e4a8f807219f700407e2abc0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арнайы операция, ұлттық қауіпсіздік комитеті
арнайы операция, ұлттық қауіпсіздік комитеті
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қару-жарақ пен жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізді.
Қылмыстық қару мен жалған доллар сатудың жасырын арнасын жолға қойған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы ұсталды.
ҰҚК арнайы операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталып, құжаттандырылды.
Қаскөй жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын пайдаланған. Осыған байланысты оның қылмысын әшкерелеу біраз қиындық тудырды.
"Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген. Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды", - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: "Калашников" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары тәркіленді.
Ұсталған адам қылмысын мойындады. Ол ҚПК 128-бабы негізінде сот санкциясымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.