https://sputnik.kz/20230313/parizh-olimpiadasyna-reseylikterdin-qatysuy-tonireginde-dau-ushygyp-zhatyr-32972151.html
Париж Олимпиадасына ресейліктердің қатысуы төңірегінде дау ушығып жатыр
Париж Олимпиадасына ресейліктердің қатысуы төңірегінде дау ушығып жатыр
Sputnik Қазақстан
Біріккен Корольдіктің мәдениет министрі Люси Фрейзер Париждегі Олимпиада ойындарының бас демеушілеріне жолдаған хатында "Ресей мен Беларусьте спорт пен сяасат... 13.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-13T18:47+0500
2023-03-13T18:47+0500
2023-03-20T09:47+0500
ресейлік
https://sputnik.kz/img/1340/91/13409175_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_6609a1377ad9ebad636efc690fced689.jpg
Біріккен Корольдіктің мәдениет министрі Люси Фрейзер Париждегі Олимпиада ойындарының бас демеушілеріне жолдаған хатында "Ресей мен Беларусьте спорт пен сяасат тығыз байланысты екенін", ол министр ретінде "Ресей мен Беларусьтегі режимдерге спортты өз үгіт-насихаттарында қолдануға жол бермейтінін" жазды, деп хабарлайды РИА Новости.Бірақ осыдан 43 жыл бұрын Ұлыбритания үкіметі өз спортшыларына Мәскеуде өтіп жатқан Олимпиада-80 ойындарына қатысуға тыйым салып, спортты саясиландырған болатын. Лондон мен Вашингтон КСРО өзінің оңтүстіктегі аумағын қорғау мақсатында Ауғанстанға әскерін кіргізгеніне наразылық танытты. Дегенмен оған дейін ағылшындар Ауғанстанда ондаған жыл бойы өз жоспарларын жүзеге асырумен келді.Тығырыққа тірелген Халықаралық олимпиада комитеті барлық тараптың көңілін табу үшін тырысып жатыр. Сондықтан "бейтарап статусты" ойлап тапты. Бірақ Олимпиада ойындарында "тәуелсіз спортшылардың" жағдайы мәз болмайтыны белгілі. Олар ұлттық үлгідегі спорт киімін кию, жеңіске жеткен жағдайда өз туын көтеру және әнұранын орындау құқығынан айырылған. Шындығын айтқанда, олар Олимпиадада жетімдер, Отаны жоқ спортшылар секілді жүреді."Бұл жалпы Олимпиада ойындарының ұстанымына қарама-қайшы. Себебі спортшы алаңға өзінің емес, ең алдымен ұлтының, халқының намысын қорғауға шығады. Ол саясатты қорғау немесе қолдау деген ұстанымнан жұрдай. Бірақ мұны батыстағылар түсінбей отырған секілді. Сол себепті Фрейзер ханым жоғарғы тарапқа шағымдануды жөн көрді", - деп жазды мақала авторы.Оның пікірінше, жоғарғы тарап – Халықаралық олимпиада комитеті емес, бұл Олимпиадаға демеушілік көрсетіп отырған Coca-Cola, Intel, Samsung, Visa сынды алып компаниялар. Ағылшын министр осы секілді демеуші тарап ресейлік және беларусь спортшыларға жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салу үшін Халықаралық олимпиада комитетіне ықпал етуі керек деп санайды.Ал, Франция астанасында басты спорттық шараның ашылуы мен өткізілуіне дайындық қарсаңында көше тазалаушылар ереуілге шықты. Бүгінде Париж көшелері жиналмаған қалдықтарға толып тұр.Макрон өртеніп кеткен Нотр-Дамды Олимпиадаға қарай міндетті түрде қалпына келтіреді деп уәде еткенімен, әлемдік маңызы бар ескерткіш тек келесі жылдың соңына дейін жаңғыртылатыны белгілі болды. Сонымен қатар көрермендер қалада қалай қозғалатыны да күрделі мәселе болып отыр. Өйткені метромен, жердегі көлікпен қатынауда проблемалар бар. Ал бас стадион жөндеуге жабылған және онда не болып жатқаны белгісіз."Халықаралық олимпида комитеті айтарлықтай көп көрермен тамашалайтын спорт түрлері бойынша мықты ресейлік және беларусь спортшыларын Париж олимпиадасына шақыруға ниетті. Бірақ ол британиялықтар және олардың қоодаушы тараптармен дауласқысы келмейді. Сондықтан Халықаралық олимпиада комитеті демеушілер командасының шешімін қолдайтыны белгілі", - деп жазылған мақалада.Дегенмен ендігі шешімді аталған екі мемлекеттің өзі қабылдайды. Себебі мемлекеттік ту мен әнұран орындалмайтын, ұлт пен халық атынан додаға түсе алмайтын спорттық шараға қатысуды мәні бар ма деген сұрақ туындайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1340/91/13409175_68:0:1133:799_1920x0_80_0_0_bd9d4cab4165576e341ab759f5be9690.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресейлік
Біріккен Корольдіктің мәдениет министрі Люси Фрейзер Париждегі Олимпиада ойындарының бас демеушілеріне жолдаған хатында "Ресей мен Беларусьте спорт пен сяасат тығыз байланысты екенін", ол министр ретінде "Ресей мен Беларусьтегі режимдерге спортты өз үгіт-насихаттарында қолдануға жол бермейтінін" жазды, деп хабарлайды
РИА Новости.Бірақ осыдан 43 жыл бұрын Ұлыбритания үкіметі өз спортшыларына Мәскеуде өтіп жатқан Олимпиада-80 ойындарына қатысуға тыйым салып, спортты саясиландырған болатын. Лондон мен Вашингтон КСРО өзінің оңтүстіктегі аумағын қорғау мақсатында Ауғанстанға әскерін кіргізгеніне наразылық танытты. Дегенмен оған дейін ағылшындар Ауғанстанда ондаған жыл бойы өз жоспарларын жүзеге асырумен келді.
Тығырыққа тірелген Халықаралық олимпиада комитеті барлық тараптың көңілін табу үшін тырысып жатыр. Сондықтан "бейтарап статусты" ойлап тапты. Бірақ Олимпиада ойындарында "тәуелсіз спортшылардың" жағдайы мәз болмайтыны белгілі. Олар ұлттық үлгідегі спорт киімін кию, жеңіске жеткен жағдайда өз туын көтеру және әнұранын орындау құқығынан айырылған. Шындығын айтқанда, олар Олимпиадада жетімдер, Отаны жоқ спортшылар секілді жүреді.
"Бұл жалпы Олимпиада ойындарының ұстанымына қарама-қайшы. Себебі спортшы алаңға өзінің емес, ең алдымен ұлтының, халқының намысын қорғауға шығады. Ол саясатты қорғау немесе қолдау деген ұстанымнан жұрдай. Бірақ мұны батыстағылар түсінбей отырған секілді. Сол себепті Фрейзер ханым жоғарғы тарапқа шағымдануды жөн көрді", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, жоғарғы тарап – Халықаралық олимпиада комитеті емес, бұл Олимпиадаға демеушілік көрсетіп отырған Coca-Cola, Intel, Samsung, Visa сынды алып компаниялар. Ағылшын министр осы секілді демеуші тарап ресейлік және беларусь спортшыларға жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салу үшін Халықаралық олимпиада комитетіне ықпал етуі керек деп санайды.
Ал, Франция астанасында басты спорттық шараның ашылуы мен өткізілуіне дайындық қарсаңында көше тазалаушылар ереуілге шықты. Бүгінде Париж көшелері жиналмаған қалдықтарға толып тұр.
Макрон өртеніп кеткен Нотр-Дамды Олимпиадаға қарай міндетті түрде қалпына келтіреді деп уәде еткенімен, әлемдік маңызы бар ескерткіш тек келесі жылдың соңына дейін жаңғыртылатыны белгілі болды. Сонымен қатар көрермендер қалада қалай қозғалатыны да күрделі мәселе болып отыр. Өйткені метромен, жердегі көлікпен қатынауда проблемалар бар. Ал бас стадион жөндеуге жабылған және онда не болып жатқаны белгісіз.
"Халықаралық олимпида комитеті айтарлықтай көп көрермен тамашалайтын спорт түрлері бойынша мықты ресейлік және беларусь спортшыларын Париж олимпиадасына шақыруға ниетті. Бірақ ол британиялықтар және олардың қоодаушы тараптармен дауласқысы келмейді. Сондықтан Халықаралық олимпиада комитеті демеушілер командасының шешімін қолдайтыны белгілі", - деп жазылған мақалада.
Дегенмен ендігі шешімді аталған екі мемлекеттің өзі қабылдайды. Себебі мемлекеттік ту мен әнұран орындалмайтын, ұлт пен халық атынан додаға түсе алмайтын спорттық шараға қатысуды мәні бар ма деген сұрақ туындайды.