Көкшетауда прокуратураның араласуынан кейін 18 нысан талапқа сәйкес келтірілді

© Sputnik / Владислав ВодневНовоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтардың құқықтарының елеулі бұзылуын анықтады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған.
"Іріктеп тексерудің өзінде пандустардың болмауы, көлбеу бұрышының сәйкес келмеуі және басқа да бұзушылықтары бар 36 жаңа нысан, атап айтқанда, тұрғын үйлер, дүкендер, қоғамдық ғимараттар анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, бұл мүмикіндігі шектеулі адамдардың қозғалысын қиындатады.
Тексеру нәтижесінде прокуратураның жедел шаралары бойынша 18 нысан талаптарға сәйкестендірілді, көтергіш құрылғылар, пандустар, борттар, тұтқалар, тиісті таңбалар орнатылды, кіреберіс есіктердегі табалдырықтар алынып тасталды.
Алдағы уақытта басқа нысандар да заң талаптарына сәйкес түзетіледі.
Жаңалықтар
0