"Екі күннің бірінде өшеді": Талғар ауданының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр

© Pixabay / Jack SellaireВода
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы Айсұлу ықшам ауданының тұрғындары бірнеше жыл бойы ауыз судың мәселесін шеше алмай келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мұндағы құбырлар екі күннің бірінде істен шығады. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандары аптасына бірнеше рет жолды қопарып, қазумен әлек.
Мұндай тірлік тұрғындарды титықтатып бітірді.

"Бірнеше жыл болды міне, ауыз суға жарымай келеміз. Екі күннің бірінде өшеді. Әбден мезі болдық", - дейді Шолпан Қасымова.

Жаздың күні әупірімдеп күн көретін тұрғындар қыс кезінде құбырлары қатып әуреге түскен.
"Су тоқтап қалмаса екен деп қорқып отырамыз. Жазда жарайды амалдаймыз. Ал қыста су құбырларымыз қатып қалады", - дейді Шыңғыс Бектеміров.
"Айсұлу шағын ауданының су құбыры жекеменшік. Құбырлары жарылғанда мекеме апатты жоя алмаған. Жерге тоң қатып, қазып бере алмай әуреге түскен болатын. Сол кезде барып біз жасап бердік. Жекеменшік ұйымдар қызмет көрсететін жерлер бізге проблема тудырады. Сол мәселені шешу үшін Алматы облысының әкімі биыл Тұздыбастау ауылының 127 шақырымына су желісі мен жол салуға 86 млн теңге қаражат бөлді", - дейді Талғар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бас маманы Айбек Смадияров.
Мамандар мәселе көп ұазамай шешімін табатынын атап өтті.
Айтуыларынша, былтыр Тұзбастау ауылының 40%-не су құбырлары тартылған. Қалған бөлігіне биылдан қалмай су құбырлары тартылады.
Жаңалықтар
0