Қоғам

Астаналық шенеунікке 300 мың теңге пара үшін 9,3 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
Экс-басшыға пара берген кәсіпорын директоры да жазаланды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бұрынғы басшысына пара алғаны үшін айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды елордалық соттың сайтты.
Іс материалдарына сүйенсек, басқарма басшысы жұмыссыздарды оқытуға келісімшарт бекіту үшін ЖШС директорынан 310 мың теңге пара алған.
Сотталушылар прокурормен кінәні мойындау туралы процессуалды келісім бекітті. Сол себепті қылмыстық іс келісу рәсімі тәртібінде қаралды. Сот сотталушылардың өз ісіне өкінетінін және асырауында кішкентай балалары барын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.
Сот үкімімен жұмыспен қамту басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, параның 30 еселенген мөлшері – 9,3 млн теңге айыппұл төлейтін болды.
Ал ЖШС директоры параның 20 еселенген мөлшері – 6,2 млн теңге айыппұл арқалады.
Екеуі де мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0