Ақтау тұрғынын бірнеше рет ұрлап әкетіп, жарты миллион теңге талап еткен

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайтыАқтауда қылмыстық топ ер адамды бірнеше рет ұрлап, бопсалаған
Ақтауда қылмыстық топ ер адамды бірнеше рет ұрлап, бопсалаған - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
Қылмыстық топ жәбірленушінің Opel Vectra көлігін тартып алған
АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Ақтауда қылмыстық топ ер адамды бірнеше рет ұрлап, бопсалаған, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция күдікке іліген Toyota Camry көлігінің 27 жастағы иесін Ақтаудағы бизнес орталық ғимаратының артында ұстаған.
Жәбірленушінің айтуынша, бопсалаушылар бірнеше рет өзін ұрлап әкетіп, күш көрсетіп, соққыға жыққан. Онымен қоймай 500 мың теңге ақша талап еткен.
Полиция күдіктінің көлігінен оқталған әскери тапаншаны тәркіледі. Сондай-ақ оның пәтерін тінту кезінде бірнеше оқ-дәрі табылды. Қалған екі мекенжай бойынша бопсалаумен айналысқан тағы үш күдікті ұсталды. Олардың жасы 25, 26 және 28-де. Оларды тінту кезінде екі мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0