Алматы жылу желілерінің басшылығы пара үшін сотталды

© Sputnik / Айсулу Жумагуловаархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен "Алматы жылу желілері" ЖШС-дағы бірқатар лауазымды тұлға пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Атап айтқанда, сот үкімімен пара алғаны үшін "Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры К.Бейсенбиновке 560 миллион теңге, бас инженер Д.Қазымбетовке 560 миллион теңге, Күрделі құрылыс басқармасының басшысы С.Джингильбаевқа 560 миллион теңге, пара бергені үшін "СпецКоммунСтрой" ЖШС директоры Б.Разимбековке 400 миллион теңге айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.
"Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллиард 80 миллион теңгені құрады. Бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең", - деп жазылған хабарламада.
"Алматы жылу желілері" ЖШС лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0