https://sputnik.kz/20230312/shygys-qazaqstan-su-tasqyny-aue-barlau-32850275.html
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны болуы мүмкін деген жерлерге әуеден барлау жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше... 12.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-12T13:22+0500
2023-03-12T13:22+0500
2023-03-12T13:22+0500
өңірлер
шығыс қазақстан
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0c/32849282_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_cd40954418dee1da2f65be18a36574e0.jpg
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны болуы мүмкін деген жерлерге әуеден барлау жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы өзен арналары, таулы және жазық аумақтар, гидротехникалық құрылыстар тексерілді."Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу барысы тексерілді. Жазықтықта, Күршім ауданында қар 60-70%-ға, Самара және Ұлан аудандарында 20-40%-ға еріген. Қалған жазық аумақта қар жылдам еріп жатыр. Су тасқыны жағдайын үнемі бақылауда ұстап отырмыз", - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, зерттелген аумақта өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ."Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларында мұз қатып жатыр. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады. Тексерілген гидротехникалық құрылыстарда жағдай тұрақты, 30-60% суға толған. Су деңгейі төмендетілген, төменгі су ағыны ашық. Облыстың барлық таулы аумағын қар басып жатыр", - деді Тоқанов.Облыста су тасқыны болған жағдайда 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралы және 224 мотопомпа дайын, дейді ведомство. Қажет болған жағдайда әскери бөлімнің күштері мен құралдары да жұмылдырылады.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0c/32849282_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_de0f00d3aba241889f96af23d8476583.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, су тасқыны
шығыс қазақстан, су тасқыны
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны болуы мүмкін деген жерлерге әуеден барлау жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы өзен арналары, таулы және жазық аумақтар, гидротехникалық құрылыстар тексерілді.
"Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу барысы тексерілді. Жазықтықта, Күршім ауданында қар 60-70%-ға, Самара және Ұлан аудандарында 20-40%-ға еріген. Қалған жазық аумақта қар жылдам еріп жатыр. Су тасқыны жағдайын үнемі бақылауда ұстап отырмыз", - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, зерттелген аумақта өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ.
"Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларында мұз қатып жатыр. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады. Тексерілген гидротехникалық құрылыстарда жағдай тұрақты, 30-60% суға толған. Су деңгейі төмендетілген, төменгі су ағыны ашық. Облыстың барлық таулы аумағын қар басып жатыр", - деді Тоқанов.
Облыста су тасқыны болған жағдайда 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралы және 224 мотопомпа дайын, дейді ведомство. Қажет болған жағдайда әскери бөлімнің күштері мен құралдары да жұмылдырылады.