Спорт

Кудерметова мен Тихонова Астанада өткен BeeTV 60 Women's турнирінде жеңіске жетті

© Photo : РixabayАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Анастасия Тихонова мен Полина Кудерметова BeeTV 60 Women's турнирінің чемпионы атанды.
Финалда ресейліктер Оңтүстік Корея өкілдері Су Юн Джан және На Ли Ханды 2:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.
"Мен бірінші турнирде жекелей сында жеңіске жеттім және жұптық жарыста да жеңімпаз болдым. Қазақстанға келген сайын қуанамын, өз үйім сияқты сезінемін. Ал екі турнирді ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Керемет ойын үшін Анастасияға рахмет, біз тырыстық және титулды жеңіп алдық", - деді Кудерметова матчтан кейін.
Айта кетері, өткен аптада Қазақстан астанасында BeeTV 40 Women's турнирінде Джон мен Хан финалда қазақстандық Анна Данилина/Ирина Шимановичтен жеңіліп қалған болатын.
Жаңалықтар
0