https://sputnik.kz/20230312/batys-qazaqstan-oblysyndagy-borli-audanynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy-32854757.html
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Бөрлі ауданының әкімі елді мекендер мен нысандарды су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. 12.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-12T16:37+0500
2023-03-12T16:37+0500
2023-08-09T09:47+0500
су тасқыны
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0c/32853478_0:10:1244:710_1920x0_80_0_0_bfca960c6a2f96cbd10abcc47b22f1fe.jpg
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Бөрлі ауданының әкімі елді мекендер мен нысандарды су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. Батыс Қазақстан облысында күн жылынғалы барлығы 103 839 текше метр еріген су шығарылған. Орал, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандарында және Бәйтерек ауданында еріген суды бұру жұмыстары жалғасып жатыр. Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді. Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ. Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 (барлығы 103 839 м3) су жиналып жатыр. Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында тәулігіне-8338 қар шығарылды. (барлығы - 319915 м3 қар). 535 ойық бұрғыланып, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0c/32853478_142:0:1102:720_1920x0_80_0_0_d6a8aa4133ce8d0c64fd00806ed1eae8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, батыс қазақстан облысы
су тасқыны, батыс қазақстан облысы
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Бөрлі ауданының әкімі елді мекендер мен нысандарды су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.
Батыс Қазақстан облысында күн жылынғалы барлығы 103 839 текше метр еріген су шығарылған. Орал, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандарында және Бәйтерек ауданында еріген суды бұру жұмыстары жалғасып жатыр.
"Асан кентінің тұрғындарынан қоңыраулар түсіп жатыр. Олардың айтуынша, қазір үйлерден шығу мүмкін емес, көшелер мен аулалар су астында қалды. Бұл жерде ассенизаторлар жұмыс істейді, бірақ олардың шамасы жетпейтін сияқты", - деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.
Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ. Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 (барлығы 103 839 м3) су жиналып жатыр. Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында тәулігіне-8338 қар шығарылды. (барлығы - 319915 м3 қар). 535 ойық бұрғыланып, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды