Ақтау университеті оқытушылардың заңды баспанасын бермей жүр

© Sputnik / Владислав ВодневНовостройка, архивное фото
Новостройка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Есенов атындағы университетке жұмысқа басқа өңірлерден шақырылған педагогтар тұрғын үймен қамтамасыз етілді, бірақ оны одан әрі жекешелендіру мәселесі шешілмеген, деп хабарлайды Lada.kz.
Жеті оқытушы сотта да, апелляцияда да жеңіске жеткен. Жекешелендірудің заңды уақыты өткенімен университет басшылығы бүгінгі күнге дейін сот шешімін орындамаған. Сот актілерін орындау жөніндегі бөлімнің мәжбүрлеп іс жүргізуінде өткен жылдың 11 қазанындағы атқарушылық құжаттар бар, онда университет жіберілген бұзушылықтарды жоюға және қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығымен жеті педагогқа пәтер меншігіне беру арқылы құқықтарын қалпына келтіруге міндеттеледі.
Сот шешімі 2022 жылдың 8 желтоқсанында заңды күшіне енді. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік сот орындаушының 2023 жылғы 4 қаңтардағы қаулыларымен атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Бірақ жоғарғы оқу орны сот талабын әлі күнге орындамаған.
Сот орындаушысы әр кешіктірілген күн үшін өсімпұлды өндіріп алу туралы сотқа ұсыныс жасады. Ол 690 000 теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, 2008-2009 жылдары ел президенті өңірлерге педагогтарды тартуды және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Біздің облысқа, атап айтқанда Есенов атындағы университетке белгілі бір кепілдіктермен оқытушылар шақырылды. Жергілікті атқарушы органдар мен университет тарапынан негізгі кепілдік оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және одан әрі жекешелендіру болатын.
Жаңалықтар
0