Атырауда құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен әйелді аман алып қалды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Атыраулық құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен әйелді аман алып қалды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға 10 наурызда сағат 21:49-да болған. Полицияға Атырау қаласындағы "Элита" мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткені туралы шақырту түскен.
Әйел адам жолды қысқарту үшін мұз үстімен өтпек болған. Сол сәт мұз ойылып, әйел суға батып кеткен. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 1979 жылы туған әйел құтқарылды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық ауруханаға жеткізді.
Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Бұндай жағдай Атырауда екінші рет тіркеліп отыр.
Сондай-ақ құтқарушылар 10 наурызда сағат 18:39-да мұз астына түсіп кеткен итті де құтқарды.
Жаңалықтар
0