Видео

Жылумен жабдықтаудың проблемалары мен шешу жолдары. Дөңгелек үстелдің тікелей эфирі

Жазылу
Екібастұз бен Риддердегі төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу туралы, сондай-ақ 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы жайлы дөңгелек үстелдің тікелей трансляциясынан көріңіз.
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында жылу мәселесі мен жылу тарифтері туралы сараптамалық талқылау өтіп жатыр.
"Жылумен жабдықтаудың проблемалары мен шешу жолдары" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар:
ӘЛЖАНОВА Әсем Әділханқызы, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (Астана қаласындағы баспасөз орталығында);
ҚҰНАНБАЕВ Рүстем Рахметоллаұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы (Астана қаласындағы баспасөз орталығында);
ТЕМІРХАНОВ Талғат Кеңесұлы, "Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы" ЗТБ төрағасы (Астана қаласындағы баспасөз орталығында).
Модератор:
МАНАБАЕВ Айбек Сағынбайұлы, баспасөз орталығының продюсері.
Іс-шараны Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі ұйымдастырып отыр.
Жаңалықтар
0