https://sputnik.kz/20230310/ursula-fon-der-lyayen-qazaqstanga-keledi-32816545.html
Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға келеді
Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға келеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Еуропа комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T14:56+0500
2023-03-10T14:56+0500
2023-03-10T14:56+0500
еуропалық одақ
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1e/15094815_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_4d37bad63461918f60f596b08c948ac9.jpg
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Еуропа комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Еуропалық одақ Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып саналады. Ол жақтан келген тікелей инвестицияның көлемі 160 млрд доллардан асты. Былтыр тоғыз айдың ішінде қаржының көлемі 10 процентке өсті. Екіжақты сауда-саттық та арта түсті. Сыртқы сауданың 30 процентін Еуропалық одақ алып отыр. Өткен жылы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасында сауданың көлемі 40 млрд долларға жетті.Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, былтыр сирек кездесетін металдар, жасыл сутегі, аккумуляторлар және тағы басқа салада ынтымақтастық байланыстары басталды. Батыс Қазақстанда жел және күн электр станцияларын салу туралы келісімшартына қол қойылды. Бұдан бөлек, 2030 жылдан Қазақстанда 3 млн тонна жасыл сутегі өндіріледі. Бұл – Еуропалық одаққа қажетті шикізаттың бестен бір бөлігі."Осы жоғары динамиканың жалғасы ретінде биыл біз Еуропалық одақтың президенті Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға іссапармен келеді деп күтіп отырмыз. Осы сапардың символдық мәні бар. Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасында қарым-қатынас орнатылғанына 30 жыл толып отыр", - деді Василенко орталық коммуникациялар қызметінде.Қазіргі кезде Қазақстанда еуропалық капиталы бар 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1e/15094815_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_aa8b0e25449c59958c4ca2b043083dc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ
Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға келеді
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Еуропа комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Еуропалық одақ Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып саналады. Ол жақтан келген тікелей инвестицияның көлемі 160 млрд доллардан асты. Былтыр тоғыз айдың ішінде қаржының көлемі 10 процентке өсті. Екіжақты сауда-саттық та арта түсті. Сыртқы сауданың 30 процентін Еуропалық одақ алып отыр. Өткен жылы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасында сауданың көлемі 40 млрд долларға жетті.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, былтыр сирек кездесетін металдар, жасыл сутегі, аккумуляторлар және тағы басқа салада ынтымақтастық байланыстары басталды. Батыс Қазақстанда жел және күн электр станцияларын салу туралы келісімшартына қол қойылды. Бұдан бөлек, 2030 жылдан Қазақстанда 3 млн тонна жасыл сутегі өндіріледі. Бұл – Еуропалық одаққа қажетті шикізаттың бестен бір бөлігі.
"Осы жоғары динамиканың жалғасы ретінде биыл біз Еуропалық одақтың президенті Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға іссапармен келеді деп күтіп отырмыз. Осы сапардың символдық мәні бар. Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасында қарым-қатынас орнатылғанына 30 жыл толып отыр", - деді Василенко орталық коммуникациялар қызметінде.
Қазіргі кезде Қазақстанда еуропалық капиталы бар 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.