Білім

Тоқаев Қазақ ұлттық университетінің халықаралық мәртебесін нығайтуды тапсырды

© Photo : Пресс-служба КазНГУ имени Аль-ФарабиҚазҰУ
ҚазҰУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
Бүгінде университетте 24 мыңнан аса студент білім алады, олардың 2,8 мыңы – шетелдіктер
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында мемлекет басшысына университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары баяндалды.
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, бүгінде университетте 24 мыңнан астам студент, соның ішінде әлемнің 54 елінен 2,8 мың шетелдік азамат білім алады. 542 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, ғылыми орталықтар мен ғылыми жобалар саны артқан.
2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді. Алматыда университет базасында МИФИ (Мәскеу) филиалы ашылды.
Сондай-ақ былтыр оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы көтерілген. Оқу ғимараттарына, зертханаларға, жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне екі жер учаскесі қайтарылды.
Президент университетті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті және жоғары оқу орнының халықаралық мәртебесін нығайтып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту қажет екеніне назар аударды.
Жаңалықтар
0