https://sputnik.kz/20230310/temirtau-turgyndaryna-300-mln-tenge-qaytaryldy-32804752.html
Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды
Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Теміртау қаласында монополистер халықтан ақша жинаса да, коммуналдық желіде болған ақаулықтар үшін қайта есептеуді жүргізбеген... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T09:23+0500
2023-03-10T09:23+0500
2023-03-10T09:23+0500
теміртау
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1b/27983269_0:156:1663:1091_1920x0_80_0_0_00b5a97b9ac003c3153b551dc003bc85.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Теміртау қаласында монополистер халықтан ақша жинаса да, коммуналдық желіде болған ақаулықтар үшін қайта есептеуді жүргізбеген. Прокурорлар 120 мың адамның ақшасын қайтарып беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Мамандар 2022-2023 жылдары аралығында халықты жылумен жабдықтау саласына талдау жасап шықты. Былтырдан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылуды пайдаланғаны үшін 120 мың тұрғынның (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) шығындарын қайта есептеуге міндеттелді. Осылайша, халық коммуналдық қызметтерді тағы 300 млн теңгеге пайдалана алады.
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1b/27983269_0:0:1663:1247_1920x0_80_0_0_a171ce26ed47c390b5c40db0d08ba85d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміртау
Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Теміртау қаласында монополистер халықтан ақша жинаса да, коммуналдық желіде болған ақаулықтар үшін қайта есептеуді жүргізбеген. Прокурорлар 120 мың адамның ақшасын қайтарып беруді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Мамандар 2022-2023 жылдары аралығында халықты жылумен жабдықтау саласына талдау жасап шықты. Былтырдан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген.
"Бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына соқтырған. Тиісінше, мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған", - дейді прокурорлар.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылуды пайдаланғаны үшін 120 мың тұрғынның (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) шығындарын қайта есептеуге міндеттелді. Осылайша, халық коммуналдық қызметтерді тағы 300 млн теңгеге пайдалана алады.