https://sputnik.kz/20230310/taldyqorganda-qarzhy-piramidasynyn-zhetekshisi-sottaldy-32807985.html
Талдықорғанда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды
Талдықорғанда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T10:47+0500
2023-03-10T10:47+0500
2023-03-10T13:50+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_0:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_6f71b833f8ec0fb9ee507c535ab8a622.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, Т. есімді әйел 2018 жылдың жазында "Q" халықаралық компаниясының сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкілдің куәлігін алған. Одан кейін Талдықорған қаласында компанияға жаңа адамдарды тартқан. Әрбіреуі 690 000 теңгеден 860 000 теңгеге дейін жарна салуы тиіс, бұдан бөлек, даңа қатысушыларды тартуы тиіс. Солардың есебінен дивиденттер төленді. Сот отырысы кезінде прокурор қаржы пирамидасының жетекшісін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сұрады. Себебі ол жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтемеді. Ал келіншек кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды өтінді. Заң бойынша ондай қылмыстар үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Келіншектің кінәсі дәлелденеді. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілді. Оның асырауында кәмелетке толмаған екі баласы бар. Сосын қылмысты алғаш рет жасап отыр. Соттың шешімімен қаржы пирамидасының жетекшісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_649:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_a936e5b7c3620d65f1e53e15a429bda1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, Т. есімді әйел 2018 жылдың жазында "Q" халықаралық компаниясының сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкілдің куәлігін алған. Одан кейін Талдықорған қаласында компанияға жаңа адамдарды тартқан. Әрбіреуі 690 000 теңгеден 860 000 теңгеге дейін жарна салуы тиіс, бұдан бөлек, даңа қатысушыларды тартуы тиіс. Солардың есебінен дивиденттер төленді.
"Қаржы пирамидасының жетекшісі "Q" серіктестігінің әрбір мүшесіне апта сайын 200 АҚШ доллары көлемінде төлем жасап тұруға уәде берген", - делінген сот үкімінде.
Сот отырысы кезінде прокурор қаржы пирамидасының жетекшісін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сұрады. Себебі ол жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтемеді.
Ал келіншек кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды өтінді. Заң бойынша ондай қылмыстар үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Келіншектің кінәсі дәлелденеді. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілді.
Оның асырауында кәмелетке толмаған екі баласы бар. Сосын қылмысты алғаш рет жасап отыр. Соттың шешімімен қаржы пирамидасының жетекшісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.