https://sputnik.kz/20230310/soltustik-qazaqstanda-su-tasqynynyn-aldyn-alu-maqsatynda-zharylys-zhumystary-zhurgizildi-32813684.html
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Сілеті өзенінің сағасында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T21:49+0500
2023-03-10T21:49+0500
2023-03-10T21:49+0500
су тасқыны
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16555375_0:77:835:547_1920x0_80_0_0_10246f8e72ca293a52782e825b4ba319.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Сілеті өзенінің сағасында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Жару жұмыстарын "Көкше-БУР" ЖШС мамандары Құлыкөл ауылының маңындағы өзеннің 4 учаскесінде, 1000 шаршы метр аумақта жүргізді."Мұз жамылғысын әлсірету жөніндегі іс-шаралар көктемгі сең жүру кезеңінде мұз кептелісі құбылыстарының алдын алу және тасқын суларды апатсыз өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Құлыкөл ауылдық округінің елді мекендерін 2023 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде су басудан қорғау мақсатында жүргізілді", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.Ведомство мұзды ұсақтау мұз өрісін едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзенде кептеліс болуын азайтуға, осылайша судың көтерілу деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.ТЖ бөлімінің қызметкерлері Құлыкөл ауылдық округінің тұрғындарына жарылыс толқынынан мұзда жарықтар пайда болатынын және мұзға шығу үлкен қауіп төндіретінін ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16555375_2:0:833:623_1920x0_80_0_0_f124a835f7e84b85950e00e9cdea8658.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, жарылыс
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Сілеті өзенінің сағасында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Жару жұмыстарын "Көкше-БУР" ЖШС мамандары Құлыкөл ауылының маңындағы өзеннің 4 учаскесінде, 1000 шаршы метр аумақта жүргізді.
"Мұз жамылғысын әлсірету жөніндегі іс-шаралар көктемгі сең жүру кезеңінде мұз кептелісі құбылыстарының алдын алу және тасқын суларды апатсыз өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Құлыкөл ауылдық округінің елді мекендерін 2023 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде су басудан қорғау мақсатында жүргізілді", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мұзды ұсақтау мұз өрісін едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзенде кептеліс болуын азайтуға, осылайша судың көтерілу деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
ТЖ бөлімінің қызметкерлері Құлыкөл ауылдық округінің тұрғындарына жарылыс толқынынан мұзда жарықтар пайда болатынын және мұзға шығу үлкен қауіп төндіретінін ескертті.