Шенген визасы: Қазақстанға қандай жеңілдіктер берілуі мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновПаспорт гражданина Республики Казахстан, архивное фото
Паспорт гражданина Республики Казахстан, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімде визалық режимді жеңілдетуге арналған келіссөздер өткізу туралы тармақ бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ондай келіссөздер басталса, алдымен визаның бағасын төмендету мәселесі талқыланады.
"Біріншіден, Қазақстан азаматтары үшін шенген визасының бағасын түсіру мәселесі сөз болады. Екіншіден, визаны алуға қажетті құжаттардың санын қысқарту керек. Еуропа елдері кей кезде өте көп құжат сұрайды. Содан визаны рәсімдеу қиынға соғып жатады. Сосын виза беру мерзімін қысқарту мәселесі де өзекті", - деді Василенко орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісім бар. Осы құжатта екі жақты байланыстарды күшейту мақсатында визалық режимді жеңілдету туралы жазылған. Ол үшін келіссөздер жүргізілуі керек.
"Қазіргі кезде Еуропалық одақтың ішінде осы мәселеге қатысты ішкі пікірталастар жалғасып жатыр. Біз ол талқылауларды қолдаймыз. Осылайша, Еуропалық одақмен визалық режимді жеңілдетуге арналған келіссөздер басталады", - деп түйіндеді Василенко.
Айта кетері, 2017 жылы Қазақстанда Еуропалық одақтың барлық мемлекеті үшін визасыз режим енгізілген болатын.
Жаңалықтар
0