Президент Си Цзиньпинді құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Китая
Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
"Өткен "екі сессия" қорытындысы бойынша қабылданған маңызды шешімдер мен сіздің парасатты саясатыңыз халқыңызды биік құндылықтарға жетелеп, Қытайдың болашағын жарқын, ал дамуын баянды етуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстардың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын аса ризашылықпен атап өтемін", – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар мемлекет басшысы екі ел арасындағы осы жетістіктер төрғаның сүбелі үлес пен жеке қолдауыңыздың нәтижесі деп білетінін атап өтті.
Президент Қытай төрағасының игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.
Жаңалықтар
0