https://sputnik.kz/20230310/pavlodar-oblysynda-mekteptegi-zhanzhaldan-son-direktor-zhumystan-bosatyldy-32827958.html
Павлодар облысында мектептегі жанжалдан соң директор жұмыстан босатылды
Павлодар облысында мектептегі жанжалдан соң директор жұмыстан босатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында мектептегі жанжалдан соң директор жұмыстан босатылды. Оның орнына басқа маман тағайындалды, деп... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T18:25+0500
2023-03-10T18:25+0500
2023-03-10T18:25+0500
мектеп директоры
жанжал
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:542:1717:1507_1920x0_80_0_0_1caac50f3bf5dd7d299793b2b9507f0b.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында мектептегі жанжалдан соң директор жұмыстан босатылды. Оның орнына басқа маман тағайындалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.Еңбек ауылындағы білім ордасының басшысы білім министрінің жауабынан кейін үш ай өткен соң қызметінен босатылды.Өткен жылдың қараша айында директорға жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу туралы хабарлама берілген. Оған қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны себеп болды. Еңбек кодексінің нормалары бойынша директор 3 желтоқсанда қызметінен босатылуға тиіс болатын. Бірақ жұмыстан шығарылғаннан кейін қалалық білім бөлімі ҚР Еңбек кодексінің бір тармақшасын бұзғандықтан, мектеп басшысы қызметіне қайта алынып, кейін еңбек демалысына кеткен.Алайда мектеп басшылығы өздігінен жұмыстан кетуге арыз жазған."Еңбек ауылындағы мектеп директорының міндетін атқарушы болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Раиса Темірболатова тағайындалды", – деді Ақсу қалалық білім бөлімі. – Мектеп директоры барлық конкурстық процедурадан кейін тағайындалады".Еске сала кетейік, жасөспірімнің анасының министрге жүгінуіне қыз бала мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі арасындағы жанжал түрткі болған. Мұғалім оқушы қызды әдепсіз әрекет етті деп айыптаған. Қыздың мінез-құлқы педагогикалық ұжымның талқысына түсіп, анасына қызының құжаттарын мектептен алу міндеттелді. Бұл шешіммен келіспеген ана кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау бөліміне, Ақсу қалалық білім бөліміне және "Ашық диалог" порталы арқылы министрге жүгінген.Министр өз жауабында айтылған фактілердің кейбірі расталғанын атап өтті. Бірақ мектеп директоры өз орнын сақтап қалған. Оқушының анасы болса, бұл шешіммен келіспей, министрге тағы да үндеу жазды. Ақсу қаласының білім бөлімі директор еңбек демалысынан кейін өз еркімен жұмыстан шығатыны туралы хабарлаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:381:1717:1668_1920x0_80_0_0_578c75c54521e711f19e2be848ae98be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп директоры, жанжал
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында мектептегі жанжалдан соң директор жұмыстан босатылды. Оның орнына басқа маман тағайындалды, деп хабарлайды
Pavlodarnews.kz.
Еңбек ауылындағы білім ордасының басшысы білім министрінің жауабынан кейін үш ай өткен соң қызметінен босатылды.
Өткен жылдың қараша айында директорға жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу туралы хабарлама берілген. Оған қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны себеп болды. Еңбек кодексінің нормалары бойынша директор 3 желтоқсанда қызметінен босатылуға тиіс болатын. Бірақ жұмыстан шығарылғаннан кейін қалалық білім бөлімі ҚР Еңбек кодексінің бір тармақшасын бұзғандықтан, мектеп басшысы қызметіне қайта алынып, кейін еңбек демалысына кеткен.
Алайда мектеп басшылығы өздігінен жұмыстан кетуге арыз жазған.
"Еңбек ауылындағы мектеп директорының міндетін атқарушы болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Раиса Темірболатова тағайындалды", – деді Ақсу қалалық білім бөлімі. – Мектеп директоры барлық конкурстық процедурадан кейін тағайындалады".
Еске сала кетейік, жасөспірімнің анасының министрге жүгінуіне қыз бала мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі арасындағы жанжал түрткі болған. Мұғалім оқушы қызды әдепсіз әрекет етті деп айыптаған. Қыздың мінез-құлқы педагогикалық ұжымның талқысына түсіп, анасына қызының құжаттарын мектептен алу міндеттелді. Бұл шешіммен келіспеген ана кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау бөліміне, Ақсу қалалық білім бөліміне және "Ашық диалог" порталы арқылы министрге жүгінген.
Министр өз жауабында айтылған фактілердің кейбірі расталғанын атап өтті. Бірақ мектеп директоры өз орнын сақтап қалған. Оқушының анасы болса, бұл шешіммен келіспей, министрге тағы да үндеу жазды. Ақсу қаласының білім бөлімі директор еңбек демалысынан кейін өз еркімен жұмыстан шығатыны туралы хабарлаған болатын.