https://sputnik.kz/20230310/oqushylar-mektepishilik-esepke-alynady-32824673.html
Үлгерімі төмен, сабақтан жиі қалатын оқушылар мектепішілік есепке алынады
Үлгерімі төмен, сабақтан жиі қалатын оқушылар мектепішілік есепке алынады
Sputnik Қазақстан
Мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға шығармашылық және спорттық әлеуетін ашуға көмектеседі, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T17:15+0500
2023-03-10T17:15+0500
2023-08-09T09:58+0500
білім
мектеп
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті орта білім беру ұйымдарына арналған мектепішілік есепке алуды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеп, бекітіті.Ол ерекше назар аударуды және білім беру ұйымдарының көмегін қажет ететін балаларды қамтиды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, мектепішілік есеп ерекше педагогикалық назарды, кешенді қолдауды қажет ететін кәмелетке толмағандарды уақтылы анықтауға көмектеседі."Бүгінгі таңда барлық мектеп мектепішілік есеп жүргізуді бастады. Мектепішілік есепке алудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында біз тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірледік. Енді мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға қосымша сабақтар ұйымдастырып, баланың шығармашылық, спорттық әлеуетін ашуды, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтитын жан-жақты көмек көрсетіледі. Оқушыларды есепке алу туралы шешімді білім беру ұйымының алдын алу кеңесі қабылдайды", - дейді Овечкина.Айта кетері, мектепішілік есепке алу білім беру ұйымында ғана жүзеге асады. Оның басты мақсаты – балаға жеке әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы
Үлгерімі төмен, сабақтан жиі қалатын оқушылар мектепішілік есепке алынады
17:15 10.03.2023 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға шығармашылық және спорттық әлеуетін ашуға көмектеседі, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті орта білім беру ұйымдарына арналған мектепішілік есепке алуды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеп, бекітіті.
Ол ерекше назар аударуды және білім беру ұйымдарының көмегін қажет ететін балаларды қамтиды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
"Мектепішілік есепке үлгерімі төмен, сабақтан жиі қалатын, мектеп Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін бұзатын оқушылар алынады", - делінген хабарламада.
Комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, мектепішілік есеп ерекше педагогикалық назарды, кешенді қолдауды қажет ететін кәмелетке толмағандарды уақтылы анықтауға көмектеседі.
"Бүгінгі таңда барлық мектеп мектепішілік есеп жүргізуді бастады. Мектепішілік есепке алудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында біз тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірледік. Енді мектепішілік есепте тұрған әрбір балаға қосымша сабақтар ұйымдастырып, баланың шығармашылық, спорттық әлеуетін ашуды, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтитын жан-жақты көмек көрсетіледі. Оқушыларды есепке алу туралы шешімді білім беру ұйымының алдын алу кеңесі қабылдайды", - дейді Овечкина.
Айта кетері, мектепішілік есепке алу білім беру ұйымында ғана жүзеге асады. Оның басты мақсаты – балаға жеке әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу.