Спорт

Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты

© AP Photo / Chris CarlsonГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
Сегізінші сәуірде Головкин 41 жасқа толады, ол қазіргі боксшылардың арасында ең жасы үлкен әлем чемпионы болды
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстандық тұрақты чемпион Эрисланди Ларамен жекпе-жек үшін промоутерлік сауда-саттыққа қатыспайтын болды. Нәтижесінде кубалық жекпе-жексіз толыққанды чемпионға дейін көтерілді.
Бұған дейін Головкин IBF белбеуінен бас тартқан еді. Енді онда IBO титулы ғана қалды – бұл маңыздылығы жағынан небәрі бесінші ұйым.
WBA белбеуін Головкин Риота Муратадан 40 жасқа толғаннан кейін ертесі күні жеңіп алған болатын. Бірақ сол күйі қорғап үлгермеді.
8 сәуірде Геннадий 41 жасқа толады, ол қазіргі боксшылар арасында (кейбір басылымдар/арналар IBO белбеуін есепке алмайды) ең жасы үлкен әлем чемпионы болды.
Жаңалықтар
0