https://sputnik.kz/20230310/eldin-on-onirinde-piyaz-bagasy-turaqtandy-32803446.html
Елдің он өңірінде пияз бағасы тұрақтанды
Елдің он өңірінде пияз бағасы тұрақтанды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Еліміздің 10 өңірінде пияз бағасы тұрақтанды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрігінің баспасөз қызметі. 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T08:01+0500
2023-03-10T08:01+0500
2023-03-10T08:01+0500
көкөністер
баға
https://sputnik.kz/img/07e6/08/06/26565660_0:108:1280:828_1920x0_80_0_0_ec1ce3ad376ccf0821d4b1fb8ecdc61e.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Еліміздің 10 өңірінде пияз бағасы тұрақтанды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрігінің баспасөз қызметі.Ведоство мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның сауда желілері басшыларымен баға жағдайы мен тұрақтандыру қорларынан көкөністерді жеткізу барысы бойынша жедел кеңес өткізді.Статистикаға сәйкес, пияз бағасының өсу динамикасы айтарлықтай тұрақтанды. Бағаның өсімі бойынша антилидерлер қатарында болған Астана қаласы мен Ұлытау облысында баға біршама төмендесе,10 өңірде баға тұрақтанды. Өсім Алматы, Ақмола, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Түркістан өңірлерінде жалғасуда, бұл бағаның өсуін тежеу бойынша тиімсіз жұмыс деңгейін көрсетеді. Картоп бағасы тек Түркістан облысында, сәбіз бағасы– Астана қаласы мен Атырау, Алматы, Ұлытау облыстарында, қырыққабат бағасы– Астана қаласы мен Ақтөбе облысында төмендеді.Ақтөбе облысының сауда желілері өкілдері жеткізілетін пияз көлемінің аздығын айтты, 6 тоннаға сұраныс кезінде аптасына 2 тонна келеді. Осыған ұқсас мәселелерді басқа өңірлердің өкілдері де көтерді."Біз өңірлердің әкімдіктерімен осы мәселелерді пысықтап, қор тапшылығы кезінде оңтүстік өңірлерден келетін жеткізілімдерді қайта бағдарлаймыз. Бір апта бұрын Тәжікстаннан делегация елге оралып, қолжетімді бағамен 6,5 мың тонна пиязға келісімшарт жасалды, бірақ бұл маусымаралық кезеңге жеткіліксіз. Тәжікстандық өндірушілер үлкен көлемдегі келісімшарттарға дайын. Оның үстіне Тәжікстан теміржолы өз учаскелері бойынша тасымалдау тарифіне 80% жеңілдік береді. Қырғызстан қырыққабатты арзан бағамен жеткізуге дайын. Сондай-ақ Өзбекстаннан ерте шығатын көкөністерді жеткізудің "жасыл дәлізі" туралы келісім бар", — деді Серік Жұманғарин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/06/26565660_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_083f508183aacc26865c1a7fb508f462.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкөністер, баға
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Еліміздің 10 өңірінде пияз бағасы тұрақтанды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрігінің баспасөз қызметі.
Ведоство мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның сауда желілері басшыларымен баға жағдайы мен тұрақтандыру қорларынан көкөністерді жеткізу барысы бойынша жедел кеңес өткізді.
Статистикаға сәйкес, пияз бағасының өсу динамикасы айтарлықтай тұрақтанды. Бағаның өсімі бойынша антилидерлер қатарында болған Астана қаласы мен Ұлытау облысында баға біршама төмендесе,10 өңірде баға тұрақтанды.
Өсім Алматы, Ақмола, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Түркістан өңірлерінде жалғасуда, бұл бағаның өсуін тежеу бойынша тиімсіз жұмыс деңгейін көрсетеді. Картоп бағасы тек Түркістан облысында, сәбіз бағасы– Астана қаласы мен Атырау, Алматы, Ұлытау облыстарында, қырыққабат бағасы– Астана қаласы мен Ақтөбе облысында төмендеді.
Ақтөбе облысының сауда желілері өкілдері жеткізілетін пияз көлемінің аздығын айтты, 6 тоннаға сұраныс кезінде аптасына 2 тонна келеді. Осыған ұқсас мәселелерді басқа өңірлердің өкілдері де көтерді.
"Біз өңірлердің әкімдіктерімен осы мәселелерді пысықтап, қор тапшылығы кезінде оңтүстік өңірлерден келетін жеткізілімдерді қайта бағдарлаймыз. Бір апта бұрын Тәжікстаннан делегация елге оралып, қолжетімді бағамен 6,5 мың тонна пиязға келісімшарт жасалды, бірақ бұл маусымаралық кезеңге жеткіліксіз. Тәжікстандық өндірушілер үлкен көлемдегі келісімшарттарға дайын. Оның үстіне Тәжікстан теміржолы өз учаскелері бойынша тасымалдау тарифіне 80% жеңілдік береді. Қырғызстан қырыққабатты арзан бағамен жеткізуге дайын. Сондай-ақ Өзбекстаннан ерте шығатын көкөністерді жеткізудің "жасыл дәлізі" туралы келісім бар", — деді Серік Жұманғарин.