https://sputnik.kz/20230310/astanada-qazaqstan-resey-sayasi-konsultatsiyalary-otti-32829010.html
Астанада Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті
Астанада Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин... 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T18:59+0500
2023-03-10T18:59+0500
2023-03-10T18:59+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32828484_96:0:1186:613_1920x0_80_0_0_d7c7f4fd742fd03cbff720997b6c8c8c.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин қазақстандық-ресейлік саяси консультацияларға қатысты.Іс-шара шеңберінде Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоғарғы және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын қарастырды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Қоныспаев одақтастық, достық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей қатынастарының табысты дамуын ерекше атап өтті. Ал Галузин Қазақстан-Ресей қатынастары дамуының оң динамикасын жоғары бағалады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, өзара сауданы сапалы арттырудың және бірлескен индустриялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бейілділігін растай отырып, тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32828484_232:0:1049:613_1920x0_80_0_0_8b671477aeeaab337c72dc4a820413de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин қазақстандық-ресейлік саяси консультацияларға қатысты.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоғарғы және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын қарастырды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қоныспаев одақтастық, достық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей қатынастарының табысты дамуын ерекше атап өтті. Ал Галузин Қазақстан-Ресей қатынастары дамуының оң динамикасын жоғары бағалады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, өзара сауданы сапалы арттырудың және бірлескен индустриялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бейілділігін растай отырып, тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.