"АрселорМиттал Теміртаудағы" халықаралық аудит қашан аяқталады

© SputnikАрселорМиттал Теміртау
АрселорМиттал Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов халықаралық сарапшылардың "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында атқарып жатқан жұмысы және тексеру нәтижесі қашан белгілі болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысын бағалау үшін қазір ол жерде халықаралық сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Мамыр айына дейін олар толық кешенді аудит жүргізуі керек. Яғни, ол тек еңбекті қорғау мәселелерін ғана емес, сонымен қатар барлық бақылау функциясын, соның ішінде экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайлар мәселелерін де қамтиды", - деді Оспанқұлов.
Еске салсақ, 3 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі Ленин атындағы шахтада газдың шығуы салдарынан 5 адам қаза тапты. Тексеру қорытындысы бойынша комиссия 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытындыға келді.
Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарындағы апаттар жүйелі сипат алғанын айтты. Президент халықаралық компанияны тарта отырып, аудит жүргізуді ұсынды. Оның айтуынша, зауыттың техникалық жағдайын сақтауға және оны жаңғыртуға меншік иесінің инвестициясы жеткілікті немесе жеткіліксіздігін анықтау маңызды.
АрселорМиттал Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
"АрселорМиттал Теміртауда" тағы да төтенше жағдай: газ құбыры опырылып түсті
Жаңалықтар
0