Алматының Алмалы ауданында қандай өзгеріс болады

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Алматының Алмалы ауданында биыл 26 көше жөнделеді, деді қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде.
"Өткен жылы жалпы ұзындығы 15 шақырымболатын 18 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Сегіз мекенжайда 1,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, ретке келтірілді", - деп хабарлады ол.
Сондай-ақ ауданда 50 шақырым электр желісі жаңартылады. Алмалы ауданында желілердің 80 пайыздан астамы тозған. 2022 жылы ауданда 566 апат тіркелсе, осы жылдың екі айында ауданның электр желілерінде 15 апат болған.
"Былтыр ауданда 58,5 шақырым электр желісі ауыстырылып, 60 шағын станса қайта жаңартылды. Биыл тағы 50 шақырым желі жаңартылып, 28 шағын станса қайта жаңғыртылады. Бұл аудандағы электр желілерінің орташа тозуын 81%-дан 61%-ға дейін төмендетеді", - деп атап өтті Досаев.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, аудандағы жылу жүйелерін жөндеу көлемі екі есеге артады.
Биыл тозығы жеткен 5 шақырым су құбыры жаңартылып, жеке сектордағы 6 көше бойындағы 2,3 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталады.
Өткен қыста ауданда жылу желілерінде төрт ірі апат болды, 2022 жылы 465 метр жылу желісі қайта қалпына келтірілді.
Жаңалықтар
0