https://sputnik.kz/20230310/aleumettik-zheli-arqyly-bozbalany-aldap-ketken-alayaq-ustaldy-32823791.html
Әлеуметтік желі арқылы бозбаланы алдап кеткен алаяқ ұсталды
Әлеуметтік желі арқылы бозбаланы алдап кеткен алаяқ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған астаналықты алдап кеткен Қарағанды тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 10.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-10T16:43+0500
2023-03-10T16:43+0500
2023-03-10T17:01+0500
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған астаналықты алдап кеткен Қарағанды тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.17 жастағы баланың ата-анасы полицияға хабарласып, оның баласын алдап, 37 мың теңге ақшаны иемденіп кеткен алаяқ туралы хабарлаған.Әйелдің айтуынша, Вконтакте әлеуметтік желісінде баласының досы оған хат жазған. Байланыс барысында ол анасының ауруханаға түскенін хабарлап, қарызға ақша сұраған. Жәбірленуші өтінішін қабылдап, оған көмектесуге ниет білдірген. Бозбала ойланбастан мобильді қосымша арқылы ақша жіберген. Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған өзінің виртуалды "досына" алданғанын түсінген және бұл туралы ата-анасына хабарлаған.Жедел іс-шаралар барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіттің осыған ұқсас 17 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.Қазіргі уақытта қарағандылыққа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Полиция департаменті бұл бап бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыружазасы қолданылатынын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ
Әлеуметтік желі арқылы бозбаланы алдап кеткен алаяқ ұсталды
16:43 10.03.2023 (жаңартылды: 17:01 10.03.2023) АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған астаналықты алдап кеткен Қарағанды тұрғыны ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. 17 жастағы баланың ата-анасы полицияға хабарласып, оның баласын алдап, 37 мың теңге ақшаны иемденіп кеткен алаяқ туралы хабарлаған.
Әйелдің айтуынша, Вконтакте әлеуметтік желісінде баласының досы оған хат жазған. Байланыс барысында ол анасының ауруханаға түскенін хабарлап, қарызға ақша сұраған. Жәбірленуші өтінішін қабылдап, оған көмектесуге ниет білдірген. Бозбала ойланбастан мобильді қосымша арқылы ақша жіберген. Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған өзінің виртуалды "досына" алданғанын түсінген және бұл туралы ата-анасына хабарлаған.
Жедел іс-шаралар барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіттің осыған ұқсас 17 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта қарағандылыққа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті бұл бап бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыружазасы қолданылатынын атап өтті.