Сағынтаев ЕАЭО-да интеграцияның бизнеске әсерін қалай анықтайтынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдеріндегі интеграцияның бизнеске әсерін көрсететін негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (KPI) жүйесін әзірледі.
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы ұйымдастырған "Ресей іскерлік апталықтары" аясындағы интеграциялық форумда инновациялар туралы айтты.
"Жүйе көрсеткіштерінің қатарында тауарлар мен қызметтердің өзара саудасы, сондай-ақ өзара инвестициялар көлемі де бар. Жалпы алғанда, KPI жүйесі бизнестің мүддесі үшін әзірленді. Себебі ол интеграциялық процестердің негізгі ынталандырушысы болып отыр", - деді ол.
Сағынтаев интеграцияны дамытудың маңызды бағыттарының бірі бірлескен кәсіпорындар құру екенін атап өтті. Оның айтуынша, ЕЭК мұндай кәсіпорындарды құру және олардың жұмыс істеуі үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыным қабылдады.
"Ол ЕАЭО мемлекеттерінде бірлескен кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға бағытталған", - деді Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК министрі интеграцияны дамытуға және инвестицияны ынталандыруға ықпал ететін басқа факторлар ретінде бірыңғай қызметтер нарығын салалық қамтуды кеңейтуді атады.
Ол бірыңғай қызметтер нарығының режимі қызмет көрстушілерге ЕАЭО-ның кез келген мемлекетінде қосымша компания құрмай, лицензия және басқа да рұқсаттарсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Жаңалықтар
0