https://sputnik.kz/20230309/qazaqstan-astyqsyz-qalmaydy--ashm-32789519.html
Қазақстан астықсыз қалмайды – АШМ
Қазақстан астықсыз қалмайды – АШМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін бидай жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T16:18+0500
2023-03-09T16:18+0500
2023-03-09T16:18+0500
астық
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26147982_0:131:1280:851_1920x0_80_0_0_22e8fee3b22bda134f5122bcc37a7b77.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін бидай жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, қазір астық түсімі бойынша болжам жасауға әлі ерте, өйткені бидай өсетін негізгі өңірлерде егіс науқаны әлі басталмаған. Егу жұмыстары мамыр айында жаппай жүргізіледі. Сондай-ақ ол астық пен ұн экспорты бойынша да болжам жасай алмайтынын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан әдетте 6-7 млн тонна астық пен 1,5-2 млн тонна ұнды экспортқа жөнелтеді. "Былтыр экспорттаушылар үшін айтарлықтай сәтті жыл болды. Біз рекордтық 13,2 млн тонна астық пен ұн экспорттадық. Экспорт географиясы өзгерген жоқ. Егер маркетингтік жылды алсақ, астық эквивалентінде бұл 9,4 млн тонна астық және ұн, бұл да жаман көрсеткіш емес. Мен қазір ағымдағы маркетингтік жыл бойынша айтып отырмын. Ал былтырғы маркетингтік жыл бойынша – астық эквивалентінде 10,6 млн тонна астық және ұн. Егер түсім жақсы болса, еліміздің экспорттық әлеуеті осы дәлізде болжанып отыр", - деді Сұлтанов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26147982_110:0:1245:851_1920x0_80_0_0_ea3a4adf83ab4e11aedf524d8c957d40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, ауыл шаруашылығы
Қазақстан астықсыз қалмайды – АШМ
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін бидай жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, қазір астық түсімі бойынша болжам жасауға әлі ерте, өйткені бидай өсетін негізгі өңірлерде егіс науқаны әлі басталмаған. Егу жұмыстары мамыр айында жаппай жүргізіледі.
"Егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін, түсім қалай болатыны болжанады. Бірақ жалпы алғанда дәнді дақылдар өндірісі, атап айтқанда, бидай бізде ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Яғни біз астықсыз қалмаймыз", - деді Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол астық пен ұн экспорты бойынша да болжам жасай алмайтынын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан әдетте 6-7 млн тонна астық пен 1,5-2 млн тонна ұнды экспортқа жөнелтеді.
"Былтыр экспорттаушылар үшін айтарлықтай сәтті жыл болды. Біз рекордтық 13,2 млн тонна астық пен ұн экспорттадық. Экспорт географиясы өзгерген жоқ. Егер маркетингтік жылды алсақ, астық эквивалентінде бұл 9,4 млн тонна астық және ұн, бұл да жаман көрсеткіш емес. Мен қазір ағымдағы маркетингтік жыл бойынша айтып отырмын. Ал былтырғы маркетингтік жыл бойынша – астық эквивалентінде 10,6 млн тонна астық және ұн. Егер түсім жақсы болса, еліміздің экспорттық әлеуеті осы дәлізде болжанып отыр", - деді Сұлтанов.