https://sputnik.kz/20230309/qazaqgaz-2025-zhyly-ipo-ga-shygarylady-32773544.html
QazaqGaz 2025 жылы IPO-ға шығарылады
QazaqGaz 2025 жылы IPO-ға шығарылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Хьюстонда өтіп жатқан CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов ұлттық газ... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T08:41+0500
2023-03-09T08:41+0500
2023-03-09T08:41+0500
ipo
https://sputnik.kz/img/1198/85/11988548_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_fcd254d67c29d0ab02bb51af4ba29cc5.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Хьюстонда өтіп жатқан CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов ұлттық газ компаниясының IPO-ға шығу жоспары туралы айтты.РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жаркешов компанияның 2025 жылға қарай акцияларды алғаш рет жария орналастыру жоспарын растады.ESG (environment, social, governance) "экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару" дегенді білдіреді. Кең мағынада бұл қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және сапалы корпоративтік басқару принциптеріне негізделген коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы.ESG қағидаттарын қазіргі мағынасында алғаш рет БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан бекіткен. Ол ірі әлемдік компаниялардың басшылығына ең алдымен климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін осы принциптерді өз стратегияларына қосуды ұсынды.
https://sputnik.kz/20230224/gaz-bagasy-kurt-koterilui-mumkin-qazaqgaz-aldagy-uaqytqa-bolzham-zhasady-32436601.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1198/85/11988548_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_c62192cb136bba6cf10799590456f068.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ipo
QazaqGaz 2025 жылы IPO-ға шығарылады
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Хьюстонда өтіп жатқан CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов ұлттық газ компаниясының IPO-ға шығу жоспары туралы айтты.
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жаркешов компанияның 2025 жылға қарай акцияларды алғаш рет жария орналастыру жоспарын растады.
"2025 жылға немесе сол мерзімге қарай IPO-ға дайындалып жатқан жаңа ұлттық компания ретінде біз ESG-ге көп көңіл бөлеміз", - деді ол.
ESG (environment, social, governance) "экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару" дегенді білдіреді. Кең мағынада бұл қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және сапалы корпоративтік басқару принциптеріне негізделген коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы.
ESG қағидаттарын қазіргі мағынасында алғаш рет БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан бекіткен. Ол ірі әлемдік компаниялардың басшылығына ең алдымен климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін осы принциптерді өз стратегияларына қосуды ұсынды.