https://sputnik.kz/20230309/prezident-seniminen-ayyrylgan-memlekettik-qyzmetkerler-zhumystan-shygarylady-32780144.html
Президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады
Президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Сенат мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуді көздейтін заңды қабылдады. Оған сәйкес... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T12:24+0500
2023-03-09T12:24+0500
2023-03-09T12:24+0500
сенат
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Сенат мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуді көздейтін заңды қабылдады. Оған сәйкес, президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бұл норманы тек президенттің өзі ғана қолданады. Себебі сенімінен шықпаған мемлекеттік қызметкерді өзі тағайындайды."Мысалы, қазір бізде саяси мемлекеттік қызметшілер өз қалауымен кетеді немесе президенттің шешімімен отставкаға жіберілді. Ал "сенімді жоғалтты" деген ұғым заңда болмаған. Сондықтан алдағы уақытта өзіне жүктелген міндетін орындамаған мемлекеттік қызметкер "сенімді жоғалтты" деген нормамен жұмыстан кетеді. 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады ", -деді Жазықбаев журналистерге берген сұхбатында.Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, отставкаға кеткен шенеунік басқа жерге оп-оңай жұмысқа тұра алады. Ал сенімінен айырылса, үш жылдық шектеу болады.Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда мақұлдады. Заңда ротация жүргізу шаралары да қарастырылған. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер өңірлерге барып, жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20230309/astanada-otyrgan-memlekettik-qyzmetkerler-auylga-zhiberiledi--senat-zandy-maquldady-32775412.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, мемлекеттік қызметші
сенат, мемлекеттік қызметші
Президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Сенат мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуді көздейтін заңды қабылдады. Оған сәйкес, президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бұл норманы тек президенттің өзі ғана қолданады. Себебі сенімінен шықпаған мемлекеттік қызметкерді өзі тағайындайды.
"Мысалы, қазір бізде саяси мемлекеттік қызметшілер өз қалауымен кетеді немесе президенттің шешімімен отставкаға жіберілді. Ал "сенімді жоғалтты" деген ұғым заңда болмаған. Сондықтан алдағы уақытта өзіне жүктелген міндетін орындамаған мемлекеттік қызметкер "сенімді жоғалтты" деген нормамен жұмыстан кетеді. 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады ", -деді Жазықбаев журналистерге берген сұхбатында.
Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, отставкаға кеткен шенеунік басқа жерге оп-оңай жұмысқа тұра алады. Ал сенімінен айырылса, үш жылдық шектеу болады.
Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда мақұлдады. Заңда
ротация жүргізу шаралары да қарастырылған. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер өңірлерге барып, жұмыс істейді.