Павлодар облысында жел 10 ғимараттың шатырын жұлып әкетті

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области Павлодар облысында соққан дауылды желдің салдары
Павлодар облысында соққан дауылды желдің салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 9 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында қатты желдің салдарынан бірнеше ғимарат шатырсыз қалды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Баянауыл, Май аудандарында ғимараттардың шатырын жел ұшырып әкетті.
Құтқарушылардың айтуынша, 10 ғимарат бүлінді: үш әкімшілік, төрт орта мектеп және үш жеке тұрғын үй. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, деп хабарлады ТЖД.
Ақсу қаласы мен Май, Ертіс, Павлодар, Баянауыл, Железин, Шарбақты аудандарында үш мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.
Шошқалы, Есілбай, Садықашы ауылдарында жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Ақтөбеде дүлей дауыл соғып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Жаңалықтар
0