https://sputnik.kz/20230309/otbasy-bankinde-1-tengenin-otemaqysyn-alatyn-salymshylar-bar-32793839.html
Отбасы банкінде 1 теңгенің өтемақысын алатын салымшылар бар
Отбасы банкінде 1 теңгенің өтемақысын алатын салымшылар бар
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Отбасы банкі мемлекеттік өтемақы алатын салымшылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T19:09+0500
2023-03-09T19:09+0500
2023-03-09T19:09+0500
салымшы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_0:1:1500:845_1920x0_80_0_0_fe5faa8643343fe6f7bbe6cad664cdda.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Отбасы банкі мемлекеттік өтемақы алатын салымшылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 883 071 депозитке 10 проценттік өтемақы түседі. Оның жалпы сомасы 115 млрд теңгені құрайды. 23 ақпанындағы жағдай бойынша мыңдаған адам 200 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі өтемақы алады. Олар: 689 597 салымшыға - 200 000 теңге; 113 686 салымшыға - 200 000 - 500 000 теңге; 34 127 салымшыға - 1 миллион теңгеге дейінгі өтемақы; 2 375 салымшыға - 2 миллион теңгеден; Өтемақы 2023 жылдың 10 ақпанына дейін өтініш беру арқылы төлемге келісімін растаған салымшыларға ғана аударылады. Егер депозиттен ақша ішінара шығарылған болса, онда өтемақы депозит қалған салымға есептеледі. Ал 2022 жылдың 23 ақпанынан салынған ақша есепке алынбайды. "Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозитті қамтамасыз ету ретінде берілген болса, сондай-ақ аталмыш депозит 2022 жылдың 23 ақпанына дейін сақталса, онда аталмыш салым бойынша да өтемақы қарастырылады", - дейді мамандар. Өтемақы қаражаты Отбасы банкіне түскеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына аударылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_186:0:1314:846_1920x0_80_0_0_0066cdcf74cae61394fe2eaea6b3debb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салымшы
Отбасы банкінде 1 теңгенің өтемақысын алатын салымшылар бар
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Отбасы банкі мемлекеттік өтемақы алатын салымшылардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 883 071 депозитке 10 проценттік өтемақы түседі. Оның жалпы сомасы 115 млрд теңгені құрайды. 23 ақпанындағы жағдай бойынша мыңдаған адам 200 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі өтемақы алады.
Олар: 689 597 салымшыға - 200 000 теңге; 113 686 салымшыға - 200 000 - 500 000 теңге; 34 127 салымшыға - 1 миллион теңгеге дейінгі өтемақы; 2 375 салымшыға - 2 миллион теңгеден;
"Өтемақы алуға өтініш бергендердің арасында шотында небәрі 10 теңгеге дейінгі жинағы бар салымшылар да болды. Олардың барлығы – 539 адам 1 теңге көлемінде өтемақы алады", - делінген ресми хабарламада.
Өтемақы 2023 жылдың 10 ақпанына дейін өтініш беру арқылы төлемге келісімін растаған салымшыларға ғана аударылады. Егер депозиттен ақша ішінара шығарылған болса, онда өтемақы депозит қалған салымға есептеледі. Ал 2022 жылдың 23 ақпанынан салынған ақша есепке алынбайды.
"Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозитті қамтамасыз ету ретінде берілген болса, сондай-ақ аталмыш депозит 2022 жылдың 23 ақпанына дейін сақталса, онда аталмыш салым бойынша да өтемақы қарастырылады", - дейді мамандар.
Өтемақы қаражаты Отбасы банкіне түскеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына аударылады.